Page 16 - Сборник эссе
P. 16

Басын құрап келеміз біз әрненің.
            Осыншама көңілді бұзар ма едің?
            Жанарыма сұраулы жүзбен қарап:
            «Жалғыз билет – жалғыздық шығар» дедің.


            Не түсіндім, нені ұқтым, не тіледің?
            Қарс айрылып кеткендей көкірегім:
            - Жалғыз қалу – өзіңді алдау,- дедім.
            - Жалғыз қалғым келеді өтінемін!


            Жабырқаған жанымды түсіне алмай,
            Мұздағандай, өн бойым ысығандай
            Тұрып қалдым аңырып, дымым құрып,
            Тап сол жерде тереңге жұтылардай.


            Қаларымды кім білген үнсіз, демім
            тарылғандай қысылдым, күрсінгенім –
            бұлты іргенің сөгілді – ашуым боп,
            білсін дедім жайымды тылсым менің.


            Қайрыламын деп едім көп ұзамай,
            Айрыламын дегем жоқ!
            Мені қалай
            Ұмытасың: «Мен сізді ұнатамын»
            деген жоқ па ең.
            Ұмытам сені қалай?

            Мұңға мұңды қосады күз еселеп,
            Сорлатқаны  несі екен ілесе кеп.
            Жалғыз билет – екеудің тағдыры екен,
            Жалғыз қалдық – сол күні біз екеу ек.

            Өлеңім – сен, өмір – сен, өзегім – сен,
            өзегім де өртенер сене білсең!

                                          15
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21