Page 11 - Сборник эссе
P. 11

І ОРЫН









                                                           Абай ОРАЗ

                       СОҒЫС САЛҒАН СОҚПАҚТАР
                                     (баллада)

                                        Бұл соқпақпен әкем менің
                                          қан майданға аттанған.


                                                          МҰҚАҒАЛИ

            Иінде өзен жатыр тасып аға.
            Иесін жоғалтқандай оқырана
            Иегін соза берді кәрі шолақ,
            Мінгескен сол шолаққа екі бала.


            Екеуі – Есенқабыл және Есенбек.
            Ауданға тартып кетті тәуекел деп.
            Елсізде екеуінің жүрісі не?
            Шешесі хәл үстінде, дәрі әкелмек.

            Қос құмай секілденіп аңсыраған,
            Бірі – аға, бірі – іні боп жол сұраған
            жоқ олар жан адамнан, желе жортып,
            теңгедей қаққа келді жалтыраған.


            Созылып жалқы соқпақ қақтан әрі,
            Қазылып шапқан сайын тас борады.
            Көз ұшы көлбеңдеген көп бейіттер,
            Жетектеп қайда әкелді жас баланы?

                                          10
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16