Page 20 - Сборник эссе
P. 20
Өсер елге тыныштық жарасады,
Тату елге Тәңір де қарасады.
Кешегі «Менмін», - деген мемлекеттер,
Бүгін Қазақ елімен санасады.
Тәуелсіздік – ең үлкен бұл несібем,
Жел соқпасын ірі елдің іргесінен.
«Қазақпын», - деп қасқайып айта аламын,
Қай жердің болса-дағы мінбесінен.
МАҒАН СЕНІ ЖАҚСЫ
КӨРГЕН ҰНАЙДЫ
Жырмен ғана жеткіземін лебізді,
Өмір мені әлі талай сынайды.
Өлеңіме арқау қылып негізгі,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.
Қараша кеп, қаңырады солғын бақ,
Қайыңдар да — адамдарша жылайды.
Армандардың арасынан қол бұлғап,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.
Кім түсінер күзге айналған күйімді,
Бір ой келіп қозғайды ғой мың ойды.
Тағдырымнан тартып алып сыйымды,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.
Махаббатты жүрмесем де ұран ғып,
Жүрек дәйім сені ғана сұрайды.
Соңғы үмітті тағып алып — тұмар ғып,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.
19