Page 12 - Сборник эссе
P. 12
Майданға осы жолмен көке кеткен,
Жайлауға соқа сүйреп шеше кеткен.
Көзінің қарашығы – қос құлыны,
Дәл осы жолға түсті не себептен?
Соғыстан хаттар келген осы жолмен,
Айрылған талай боздақ, есіл ерден.
Маздатып жаққан талай сезім отын,
Қаз басып қанша бала өсіп-өнген.
Жауынгер командир мен комбаттарын,
Солдаттар, қандыкөйлек жолдастарын,
Ажалға айдап салған жалғыз соқпақ,
Жатыр ғой дүниенің жалғап бәрін,
Жатыр ғой дүниенің жалмап бәрін!
...Балауса балғын құрақ не біледі?
Мұнтаздай оған күллі төңірегі.
Асаулық екеуінің қанында жоқ,
Байланған құлындай боп желідегі.
Кеткенде жөнеп әке басқа бетке,
Екеуі емшектегі жас нәресте.
Ол кезде кәрі шолақ құнан еді,
Шешесі мініп жүрген педсоветке.
Көрінер мына дүние шекер боп тек.
Жеткізсе жаббар құдай өсер көктеп.
Әкесі кетерінде ырымдаған,
Есімін Есенқабыл, Есенбек деп.
Міне, сол ағайынды екі бала,
Ат мінген аудан жақтың бетін ала.
11