Page 19 - Сборник эссе
P. 19
Білеміз жау оңай тізе бүкпесін,
Рейстахқа Рақымжан боп шықты есім.
Ұлы Жеңіс жалауы боп желбіреп,
Біз қойғанбыз қасіреттің нүктесін.
Ақиқатты айтуға ақын хақылы,
“Аққа Құдай жақ” болды ғой ақыры.
...Мәскеуді де қорғап қалған өзге емес,
Біздің елдің 28 батыры!!!
ТӘУЕЛСІЗДІК –
ЕҢ ҮЛКЕН БҰЛ НЕСІБЕМ!
Мен бақытты ұрпақпын алданбаған,
Жаутаң қағып ешкімге жалданбаған.
Тәуелсіздік бұйырған еншімізге,
Алаш халқы ежелден армандаған.
Мен бақытты буынмын адаспаған,
Пейілін Отанына таза ұстаған.
Мәңгілік болар менің мақтанышым,
Арқадан бой көтерген өз Астанам.
Ашылып жаңа дәуір тұр парағы,
«Бәйтеректен» шұғыла-нұр тарады.
Таңертең тәтті ұйқымнан оянғанда,
Әуелеп Әнұраным шырқалады.
Ел есігін егемен ұрпақ ашып,
Біздің керуен барады қырқаны асып.
Көзімді көк аспанға салып едім,
Көк байрағым көкпенен тұр таласып.
18