Page 13 - Сборник эссе
P. 13

Басқарма бағытынан қиыс кетті,
            Шапқанда шолақ кәрі жосыла ма?

            Кім білген айдалада қалады деп,
            Сабалап ақ жауын да барады үдеп.
            Жандәрмен бір бейітті қалқа қылды,
            Бұл кімнің моласы екен – хабары жоқ.

            Қалқиып құлақтары тұр обалар,
            Жауын да тау суындай құлап ағар.
            Жайына аудан қалып, ауыл қалып,
            Басына әкесінің түнеді олар.

            Ауыр күн өтеді екен мұнша бастан,
            Су өтпей шеше жатыр қыл тамақтан.
            Сүйегін есіл ердің әкелгенде,
            Сүлдері құрып келген бұл сабақтан.

            Бөтенсіп туған үйдің атырабы,
            Таңылып содан бері жатыр әлі,
            Сабыннан шыққан сүйек секілденіп,
            Суымай есіл ердің топырағы.

            Ауылға оралмады ол екеуі,
            Көз жасын шеше байғұс көл етеді.
            Түсінде жолда біреу келе жатты,
            Белгісіз бала екені, ері екені.

            Тар төсек, кереуеттен мезі болып,
            Далаға шықса кетер көзі ілегіп.
            Жел кейде ыңырсиды құлағына,
            Баласын іздеп жүрген өзі болып.




                                          12
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18