Page 18 - Сборник эссе
P. 18
ІІ ОРЫН
Мұқағали СЕЙТҚАЗЫ
ЖЕҢІС САРБАЗДАРЫ
Бейбіт күнде біз көктеген тал-шыбық,
Төл тарихты шаң-тозаңнан аршыдық.
41-дің қырғынында кешегі,
Батыр болған бабаларым баршылық.
Тағдыр талай сынақтарға тап қылған,
Батыр елміз - сардарлары сап құрған.
Ұлы түгіл, қазағымның қыздары,
Жауларына талай таңдай қақтырған.
Әлия ару - жауын қойдай үйірген,
Мәншүк батыр соққы жасап бүйірден.
Хиуаз қыз - көк аспанға шығып ап,
Дұшпанына қырандарша шүйілген.
Көшіңді, елім, күнге қарап түзеші,
Батырлардан бізге қалған із осы.
...Қайсеновтің естігенде есімін,
Фашистердің дірілдепті-ау дізесі.
Отан үшін опат етіп ғұмырын,
“Жас қазақ”, - боп әнге айналған бір ұлың.
...Сол соғыста-ақ аты аңызға айналған,
Полковник - ҚАЗАҚ Момышұлының.
17