Page 10 - Сборник эссе
P. 10

Өлең, сірә, жүрегімнің еркін ап,
            Маңдайыма жазып берген бағым шын.
            Тәңір менің қанатымнан кертіп ап,
            Қалам алған қауырсын...


            Көзімдегі мұңды өлең ғып көшірген,
            Иығыма  жаға салып құндыздан,
            Тәңір менің қанатымнан кесілген,
            Жыр - мұнара тұрғызған...

            Сезім деген дертті кешіп, е жалған,
            Бір көрмесем, елеңдейтін боп алдым.
            Мүмкін, сенің қабырғаңнан мені алған,
            Бәлкім, менің қанатымнан жаралдың...





































                                          9
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15