Page 9 - Сборник эссе
P. 9

Хан қызындай менің ару Астанам,
            Көз алдымда жетілді!

            Есіл дейтін ерке өзен деп қайнарды,
            Азаттықтың алтын рухы айбарлы –
            Астана боп өңімізде көрініп,
            Түсімізде ару қызға айналды!

            Содан бері құсалы,
            қазақ келіп әлгі аруды құшады!
            Күнім етсем дейді сонда ірісі,
            Күңім етсем дейді сонда ұсағы!
            Өртеп кете жаздайы кеп онсыз да,
            Оттан ыстық құшағы!

            Көмейдегі асқақ ән,
            Алты Алаштың бақ-ырысын шашпаған,
            Ай жүзіңді айтып түнде жастанам,
            Бар сырыңды білем жұртқа ашпаған.
            Менің ару Астанам!



                ТӘҢІР МЕНІҢ ҚАНАТЫМДЫ ҮЗІП АП...


            Аяғымның жүріп өткен ізі - бақ,
            Кірпігімде би билейді әр ақ таң.
            Тәңір менің қанатымды үзіп ап,
            Аппақ бұлтты жаратқан...


            Күн күлкімді көріп қойып жүзімнен,
            Есімімді жазып берген аспанға.
            Тәңір менің қанатымды үзілген,
            Айналдырған ақ қарға...



                                          8
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14