Page 8 - Сборник эссе
P. 8
Көлде,
Өзен,
Тоғандарда,
Аллея мен орамдарда мәңгілік,
Жеңіс жыры келеді үнсіз жаңғырып.
Мен де соны естідім,
Естідім де есімді алды ескі мұң.
Көз алдыма алып келдім Жеңістің,
Асқар таудай аласармас кескінін.
Қара өлең ғып жазып бердім содан соң,
Ақ параққа кешқұрым...
...Бір мың төрт жүз он сегіз күн
Бір мың төрт жүз он сегіз түн тоқтамай,
Заулап ұшқан оқтар-ай...
АЗАТТЫҚ
Әз Тәукенің жайлауына,
Қараөткелдің қойнауына
Алты қанат ақбоз үйді тұрғыздым,
Көк Тәңірдің бетін бері бұрғыздым!
Хан Тәңірін қалдырды да Алатаудың тұсына,
Самұрық құс ұя салды Бәйтеректің ұшына!
Күллі бадам сөзден қашып,
Көрсеқызар көзден қашып.
Құлан жортып, кезген жазық тап бүгін,
Адамзатқа жайып ұлы шаттығын.
Жиырма жылы – жиырма ғасыр секілді,
Зәулім-зәулім сарайлар сап не түрлі.
7