Page 116 - Сборник эссе
P. 116

мен  сезінген    келесі  ержүрек  қызымыз-Қалампыр
            Ахметова.  Ол  1920  жылы,  Жымпиты  ауданының  К.
            Маркс ауылында дүниеге келген. Ағасы Жәрдем екеуі
            ата-анасынан  жастай  жетім  қалып,  балалар  үйінде
            тәрбиеленеді.1936  жыл  16  жасында  ауыл  баспахана-
            сында әріп теруші болып кейін кітапханашы қызметін
            атқарады.  Соғыс  басталғанда  өз  еркімен  сұранып,
            Қиыр Шығыс майданына аттанады. 89-шы авиациялық
            полк құрамында 120-шы әуе қызметін қамтамасыз ету
            батальонында әскери міндетін атқарады. Бұл туралы
            майдангер анамыз былай деп еске алады: «... Мен өзім
            сұранып, армия қатарына алындым. Біз Отанымыздың
            қиыр  шеті  Владивосток  жағы,  Приморьеде  қызмет
            еттік... ... Біз бұл соғыста жапон армиясын тас-талқан
            етіп жеңдік...», дегені бар. Майдангер ана ІІ дәрежелі
            «Ұлы  Отан  соғысы»  орденімен,  «Кеңес  Одағының
            Маршалы Г.К. Жуков» медалімен марапатталып, елге
            аман-есен оралған.
                 Тағы бірі заманның қиындығы мен ащы-тұщысын
            көре  жүріп,  туған  жердің  топырағын  аңсап,    киелі
            мекенін қоғау үшін  жанын берген батыр аналарымыз-
            Қаным  Әлмағамбетова  мен  Үмітай  Есқалиева  болды.
            Дәлірек айтқанда, қыз-келіншектерден құралған, аэро-
            дром қызметін қамтамасыз ету батальоны құрамында
            байланысшы  болған  олар  соғысты  Кореяның  Хед-
            зео  қаласында  аяқтап,  елге  1945  жылы  желтоқсанда
            оралған  Қаным  Әлмағамбетова  жауынгерлік  ерлігі
            үшін  ІІ  дәрежелі  «Ұлы  Отан  соғысы»  ордені  және
            Жоғарғы  Бас  қолбасшының  Алғыс  хатымен  мара-
            патталады,  ал  Үмітай  Есқалиева  Жауынгерлік  ерлігі
            үшін,  Жоғарғы  Бас  қолбасшы  Сталиннің    Алғыс  ха-
            тын, сондай-ақ ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені,
            «Жапонияны  жеңгені  үшін»  және  «Кеңес  Одағының
            Маршалы  Г.К.Жуков»  медальдарымен  марапатта-
            лады.Батыр  қыздарымыздың  көрген  азаптарымен,
            қиыншылықтарына қарамастан, өткен күннің естелігін
            еске  алғанда  былай  дейді:  «Лесазаводск  деген  жер-


                                          115
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121