Page 112 - Сборник эссе
P. 112

1943 жылдың 16 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі
            Төралқасының  Жарлығымен  Киевтің  солтүстігіндегі
            Днепр өзенінен сәтті өтіп, Батыс жағалаудағы көпірді
            нығайтуға  қатысқан  және  ұрыстарда  батылдық  пен
            ерлік  көрсеткен  Қызыл  Армия  жауынгері  Жәнібек
            Ақатұлы  Елеуісовке  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы
            беріліп, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалімен
            марапатталды.
                 Жәнібек  Ақатұлы  Днепр  шайқасынан  кейін  де
            көптеген ұрыстарға қатысты. Ол Ровенский атын алған
            және  Ленин  мен  Суворов  орденімен  марапатталған
            бөлімшесімен бірге Прага қабырғаларына дейін жетеді.
                 Кейінірек  ол  Малин,  Житомир,  Новоград-Волын-
            ский, Ровно қалаларын азат ету шайқастарына қатысты.
            Бірақ, 1944 жылдың наурызында Ровне ауданындағы
            Дубно қаласына жақын шайқастарда қатты жаралана-
            ды. Сол ұрыста алған жарақатының салдарынан алты
            қабырғасы  мен  өкпесін  алып  тастайды.  Содан  ұзақ
            уақыт ауруханада жатады.
                 Ауруханада емделіп болғаннан кейін, 1944 жылдың
            күзінде  Қазан  қаласына  оқуға  жіберіліп,  онда  жаяу
            әскерге  командирлер  даярлау  үшін  Житомир  әскери
            мектебіне орналастырылады. Оқудан кейін Черновцы
            қаласында жұмыс істейді. Мұнда ол әскери мектепте
            жауынгерлік тактика бойынша сабақ берді.
                 1946  жылдан  бастап  кіші  лейтенант  Елеуісов
            запастағы  жауынгерлер  тізімінде  болды.  Демобили-
            зациядан  кейін  яғни,  әскерден  қайтарылған  соң  Ал-
            тай өлкесінің Бистроисток ауданында, Верх-Ануйское
            ауылындағы жеті жылдық мектептің директоры болып
            жұмыс істеді.
                 1948  жылы  Тұрат  ауылдық  кеңесінің  төрағасы,
            Алтай  өңірлік  кеңесінің  депутаты  болып  сайлан-
            ды.  Ал  1951  жылдан  бастап,  Алтай  өлкесінің  Усть-
            Кан  ауданындағы,  Қырлық  ауылында  жеті  жылдық
            мектептің директоры болып қызмет етеді.
                 Соғыстан оралғаннан кейін де тыңбай еңбек еткен
            қазақ  жауынгері  1954  жылдан  бастап  Қазақстанда,

                                          111
   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117