Page 111 - Сборник эссе
P. 111
Бұл сұрапыл соғыста 25-ші атқыштар полкі При-
пять өзенінің шығыс жағалауына шығып, Чернобылдың
оңтүстік шетіне дейін, батыс жағалауға өтуі керек
болды. Сол ұрыста фашистер Кеңес әскеріне қарсы
психологиялық шабуыл жасай бастады, өйткені олар
Қызыл әскер жауынгерлерінің қоршауда қалғанын
жақсы білді. Сонда гвардиялықтар қатты әлсіресе
де, батыл әрекет ете алды. Сол күнгі қатал ұрыста
рота командирі Жихарев қазақ жігітін ең қиын
аумаққа жібереді. Елеуісов командир Жихаревтің
сенім артқан жауынгері, ол әрдайым оған үмітпен
қарайтын. Сондықтан рота командирі оған үлкен сенім
артып, қауіпті аумаққа қорықпай жіберетін. Осы-
лайша, құрамында Елеуісов болған бөлімше Яновка
қорғанысын да батылдық көрсетіп, екі күн бойы Янов-
ка ауылындағы қорғанысты жау қолына бермей ұстап
тұрды. Бұл өте қиын және көп сарбаз көз жұмған
ұрыс болды.
Үшінші түні рота командирі Жихарев тағы да
Елеуісовты өзіне шақырып алып, оған барлаушы
ретінде, бөлімшенің алдында жүруді тапсырады.
Қоршауда қалған Кеңес әскері жауға төтеп беріп,
аман-есен құтылып шығулары керек болды. Сол күнгі
шайқаста Елеуісов роталас жауынгермен бірге ор-
манда жасырынып жатқан қалың немісті орындары-
нан қозғап, жау қолы өздеріне қарай жақындағанда,
пулеметпен және автоматмен оқ жаудырып, жауды
қашырады. Бұл шайқаста көптеген адам қаза тау-
ып, жараланды. Сол кезде Жәнібек Елеуісов басынан
жарақат алып, терісі жырылып кетеді. Елеуісовтің ба-
сынан қан су секілді ағып, бүкіл денесін басып қалса
да, ол пулеметін тастатаған жоқ. Ол халінің нашарлай
бастағанына қарамай, немістер қыспаққа алмасын деп,
жаралы болса да жауға төтеп берді.
Сөйтіп, ол бүкіл батальонның өзеннен аман-есен,
сәтті өтуін қамтамасыз етті. Осылайша, жойқын
ұрыстарға қатысып, ерлік көрсеткен Елеуісов
батырлығымен ерекше көзге түседі.
110