Page 121 - Сборник эссе
P. 121
қаһарман, атанған батырымыз Ростов облысының, Бо-
ковский районындағы, Коньков хуторында жерленеді.
Ер есімі-ел есінде. Ешкім ештеңені ұмытпақ
емес... Әрине оған куә ел алдындағы ескерткіш пен
берілген белді атаулар...
Ресейдегі Боков орта мектебінің 13-пионер отря-
дына батырдың есімі берілсе, Волгоград қаласында
Мамаев қорғанының етегінде Нұркен Әбдіров бейнелі
зираты жасалған екен. Біздің Қарағанды қаламызда
мектеп, даңғыл, көше атаулары бар. Ескерткіш туған
ауылы мен қалада қойылған. Батырдың анасы Бағжан
апамыз Боков станицасының құрметті азаматы болып
сайланған екен. Құрметті қонақ болып барған кез-
де Бағжан апамызды атақты орыс жазушысы Ми-
хаил Александрович Шолохов өзі қарсы алған дейді.
Бағжан апамыз баласы Нұркенмен бірге қаза тапқан
Комиссаров Александрға атақ-даңқ беруін сұрайды
екен. Анамыздың ұсынысынан кейін барып, марапат-
талады екен. Көрдіңдерме, АНА ЖҮРЕГІ қандай?
Нұркен Әбдіров туралы аэроклуб директоры Григо-
рий Якимов «Мәңгілік өмір шыңына» атты повесть жа-
зады, осы повесть туралы Алматыда «Қазақтелефильм»
студиясы фильм шығарды. Беғалин Сапарғали
ағамыз Нұркенге арнап «Қанатты қазақ» поэмасын
жазды. Біз батырларымызды әліде ұлықтауымыз ке-
рек. Соғыс жайлы барлығы жазылған жоқ...
Өзім жас болсамда, менің ойымда менің заман-
дастарым патриоттық сезімде болса екен деймін. Ер
жігіттеріміз өткір, өжет, сын сағаттарында тез шешім
қабылдай алатын, ешкімнен жеңілмей, батыл қадамға
баратын, орынды сөз сөйлеп, қамқор, өр мінезді болса ғой
деп армандаймын. Осы арман-қиялдарымды ержүрек,
ойы ұшқыр, арманы биік, тағыда мақтанышпен айта-
мын Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш, ұлтымыздың
ұлысы, соғыстың сынағын, тағдырдың тауқыметін
тартқан, есімі ел есінде жүрген, жерлес батырымыз
–Нұркен Әбдіровтен табамын.
120