Page 118 - Сборник эссе
P. 118

тілін білмей қиналдым, Бірақ орыс полктастарым маған
            үнемі көмектесіп отырды. Майданда көрген қиындық
            пен азапты күндерім ұмытылмайды. Қасымдағы  шо-
            фер  Анна  Фадеева  екеуіміз  3  күн  адасып  бөлімшені
            зорға  тапқанымыз  әлі  есімде.  Ас-сусыз  адасып
            жүргенде жолдан жапон галетін (ұннан жасалған пе-
            ченье) тауып жегенбіз. Галет уланған болып шықты.
            Мен  қатты  ауырдым.  Бірақ  Анна  мені  далаға  таста-
            мады. Жолдағы бір ауылға апарып, әрең дегенде сүт
            тауып әкеліп, есімді жиғызды»,-деп өз ойын жеткізген.
            Қаһарман қыз 1945 жылы 20 қарашада аман-есен елге
            оралады.  Майдангер  апамыз,  С.Сарқұлова  Ұлы  Отан
            соғысының  мерекелік  медальдарымен қатар, кеңестік
            қоғам  қайраткері  ретінде  «Құрмет  белгісі»,  ордені,
            «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» ме-
            дальдарымен  марапатталады.  Батыр  апаларымыздың
            есімдері өшпес ізгліктің ұраны болып қалады.
                 «Адамдар       бір-біріне    өзара     қарыздарлығын
            әрқашанда ойлай жүрулері керек. Әсіресе Отан соғысы
            ардагерлерінің еңбегін ерекше бағалай білуі қажет. Ер
            өледі, ел қалады. Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана
            бақытты»,  деп батыр Б. Момышұлы айтқандай, бүгінгі
            тәуелсіз Қазақ елі жауынгер аналардың есімін мәңгілік
            мақтаныш етеді, құрмет тұтады. Міне, қазақтың атына
            да, затына да сай болып, есімдері тарихтың сахнасын-
            да  қалған абзал жандар. Біз сіздердің ерліктеріңізді
            әрқашанда бағалап, еске алумен өтеміз!

                                                      Тілеугүл ХУАТ

                Соғыс зор апат. Сондықтан дүние жүзіндегі  ізгі
              барлық ниетті адам  бейбітшілік болуын тілейді.


                                                       Қасым Қайсенов

                 Әуелде  соғыс  жайлы  сөз  қозғамас  бұрын  жан
            тебірентерлік  талай  шығарманы,  киноларды  көріп

                                          117
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123