Page 115 - Сборник эссе
P. 115
Соғыс жүрекке аяусыз жара салса да, қан майданға
аттанған қазақ қыздары, Отан алдындағы абыройлы
борыштарын ешбір ер азаматтардан кем қорғамай,
жаудың зілі мен ауыр батпанына шыдай біліп, қарсы
тұрып, жеңе білді. Солардың әр қайсысы, әр жол-
да қызмет етсе де, соғыста олар туған бауырлардай
бірігіп, бірліктің, кеңпейілдіктің нышанын көрсетіп,
жаудың туын жықты. Біреуі мергенші, енді бірі де-
сантшы, ауе ұшқышы, батальон қызметінің құрамында
байланысшы, тіпті әскери көлікті де олар тізгіндеген
біздің қаракөздеріміз болды. Қазақтың қарапайым от-
басында дүниеге келіп, бабалардың қаны мен жанын
салған, жерін сақтап, бостандықтың ақтаңын маңдай
алды терімен сүрте отыра, ұлы жеңіске жетті. Міне,
сол қазақтың жарық жұлдыздарының бірі: Десантшы
Қаламсия Ермекқызы 1921 жылы Орал облысының
Жымпиты ауданының тумасы. Жастайынан жетімдік
пен қиыншылықтың азабын тарта отыра, соғысқа кеткен
ағаларының хабарсыз оралмағандарына қарамастан,
өзі де Отан алдындағы борышын орындауға өз еркімен
майданға баруға бел байлайды. Әуелі Жымпитыдағы
екі айлық өзін өзі қорғау курсын тәмамдаған Қаламсия
аудандық әскери комиссариаттың табалдырығын тоз-
дыра жүріп, ақыры «он күндік жол азығыңызды алып
келіңіз» деген шақырту қағазын алады. К. Ермекова
маршал Р. Малиновский басқарған ІІ Қиыр Шығыс
майданының десантшылар армиясының құрамында
Жапония басқыншыларына қарсы соғысқа қатысады.
Жауынгерлік өмірі туралы батыр қыз былай деп си-
паттайды: «Қалың орман арасында десантшы да, бар-
лаушы да болдық, түнгі күзетте де тұрдық» -деп,
жазады. Жауынгер қыз Березовка деревнясының
маңында 1945 жылдың 15 қыркүйегінде соғысты
аяқтап, елге Жауынгерлік ерліктері үшін ІІ дәрежелі,
Ұлы Отан соғысы ордені мен, «Кеңес Одағының Мар-
шалы Г.К.Жуков» медалімен марапатталады.
Соғыстың отын өз көзімен көріп тұла бойы-
114