Page 120 - Сборник эссе
P. 120
Нұркен атамыз кешегі Қазыбек бабамыз өткен,
Мәди атамыз әніне қосқан қасиетті жерлері, сұлу
көркем табиғаты бар Қарқаралы өңірінен екен.
1919 жылы бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі уақытта ба-
тыр атамыздың өз атындағы ауылда дүниеге келіпті.
Кейің ата-анасымен бірге Қарағанды қаласына қоңыс
аударып, жұмыс жасайды. Нұркен атамыздың арма-
ны -ұшқыш болу, арманы орындалып, соғысқа бармас
бұрын 1939 жылы Қарағанды аэроклубының ұшқыштар
курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алады.
Соғыс басталған кезде Нұркен Орынбор училишесінде
оқып жүріпті. Ең бірінші, Ташкентте, сосын Сібір
қалаларының біріндегі әскери ұшқыш шабуылшы кур-
старын бітіреді. Қызыл Армия қатарына 1940 жылы
шақырылып, қайтадан Орынбор қаласындағы әуе ави-
ация училишесінде оқып, 1942 жылы соғысқа 267-
ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберіліп,
бірнеше рет әуе шабуылына қатысады. Шайқаста
жүргенде батыр ержүректілігімен, іскер қимылдарымен,
байқағыштығымен көзге түседі. Жаудың ең негізгі
нақты нүктелерін құртып, біздің жаяу әскерлерге жол
ашып отырған. Фашистерге қыран-бүркітше аспаннан
соққы берудің қас шеберлеріне айналады. Талай әуе
шайқасына қатысып, әскери шеберлік танытып, әр
тапсырған тапсырманы мұқият орындап отырды.
Кезекті тапсырманы орындау кезінде ұшқыш
атамыз оралмады, өйткені, Нұркен жаудың Сталин-
град шебіне енетін Боков-Пономаревка ауданындағы
қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою
үшін тапсырма алады. Ұрыста ұшағы зақымдалып,
жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған
тұсқа бағыттап, қасындағы атқыш жауынгер Алек-
сандр Комиссаровпен бірге қаза табады. 19-і желтоқсан
1942 жылы Нұркен атамыз капитан Гастелло сияқты
қаһармандықпен қаза тапты. Бұл ерлік.
Ержүрек, каһарман ұшқыш Нұркен Әбдіровке
Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Қазақ қыраны,
119