Page 117 - Сборник эссе
P. 117

де,  кейін  Киров  ауданы  территориясындағы  орман
            ішінде  3  жыл  бойы  аэродром  қызметін  қамтамасыз
            ететін  әйелдер  батальонында  болдық.  4  жыл  бойы
            өзіммен  бірге  болған  (Қаным  Әлмағамбетованың
            айтуынша),Үмітай  Есқалиева  екеуіміз  өмір  соқпағын
            бірдей көрдік. Аэродром күзеттік, ұшып келген истре-
            бительдерге көрсетілген қызметтерді атқардық»,-дейді.
            Сондай-ақ  ол  жауынгерлік  өмір  жолдарын  еске  ала
            отырып: «Таңғы сағат 6-дан түнгі 11-ге дейін қарлы-
            жауынды  ауа  райына  қарамастан  оқ  атуды,  пышақ
            шаншуды,  жер  бауырлап  жылжуды,  өзеннен  өтуді,
            байланыс аппараттарын қолдануды үйрендік, әрі 20-40
            шақырымдық жүгіру міндетін орындап тұрдық», -деп
            баяндайды.
                 Батыр қыздарымыздың қатарының тағы бірі, озық
            ойлы  бойжеткені,  әскери  көлікті  тізгіндеген,  Слу-
            хия  Сарқұлова  болды.  Батыс  Қазақстан  облысының
            Жаңақала  ауданында  1923  жылы  дүниеге  келген.
            Соғыстың алдына ғана, яғни 1941 жылы 15 маусым-
            да төрт сыныптық қана білімі бар, Слухия Перемет-
            ное  ауылындағы  автокөлік  жүргізушілер  курсына
            жіберіледі.  1942  жыл  15  қаңтарда  курсты  тәмамдап,
            ауылға  келген  ол  техника  жөндеушісінің  (механик)
            көмекшісі  болып  жұмысқа  кіріседі.  Осылайша  1942
            жылы жазда өз еркімен сұранып, майданға аттанады.
            Ол Қиыр Шығыс майданында Хабаровск өлкесі Иман
            қаласында №189 автокөлік полкінің №600 ұшқыштарға
            қызмет  көрсету  батальонында  әскери  машинамен
            миналар,  снарядтар  тасу,  бомбалаушы,  ұшақтарды
            сүйреп  қыздыру  сияқты  әскери  қызмет  түрлерін
            атқарады. Майдангер С.Сарқұлова өмірі туралы жазған
            ғұмырбаянында: «Әскери өмірім Қиыр Шығыста Хаба-
            ровск өлкесінің Иман қаласынан басталып, Кеңес арми-
            ясы қатарында 1942 жылы 23 маусымынан ұшақтарға
            қызмет  көрсету  батальонында  қызмет  еттім.  Жапон
            елінің Ханкель портында аяқтадым. Жарақатым жоқ.
            Шенім-ефрейтор. Соғыстың алғашқы кезеңінде, орыс


                                          116
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122