Page 114 - Сборник эссе
P. 114
біздің кезекте тұрған міндет, Отан алдындағы борыш.
Еліміз берекелі, мерекелі болсын!
Төлеген КӨҢІЛЖАН
Соғыс-адамзаттың жанын жаралап, жүрегіне мұз
қатырған алапат дәуір кезеңі болды. Сонда да біздің
қайтпас қайсар батырларымыз ерлікпен күресіп, Отан
үшін, ел үшін жанын қиды. Олардың ерліктері жас
ұрпақтың бойына сіңіретін, жанымен ұғындыратын
біздің басты парызымыз. Біз оларды ұлықтап,
ерліктерімен төзімдеріне бас иіп, болашаққа үміт
сәулесін сөндірмеуіміз керек. Міне соған орай, Ұлы
Жеңістің 75-жылдығы қарсаңына ерлік пен күресте
көзге түскен ерлермен қатар күресе де, қиыншылыққа
мұңаймай төзімділік таңытқан қазақтың мандайына
біткен қыздарында айта кеткім келіп отыр. Мәншүк
пен Әлия, Хиуаздай батыр қыздарымыздың жолын
қуған дарабоз тарландарымыз да аз емес. Олар Екінші
дүниежүзілік соғыста Кеңес армиясының қатарында
қазақтың ұлдарымен бірге қыздары да гитлершілдерге
ғана қарсы күрескен жоқ, сондай-ақ олар Қиыр Шығыс
майданында да батылдықпен шайқаса білді. Солардың
қатарында: Орал өңірінен майданға қыздардың көптеп
аттанғаны туралы деректерде бар. Мәселен, майдан-
гер ана Қаламсия Ермекова, Қаным Әлмағамбетова,
Валентина Суворова: «1942 жылдың шілдесінде Орал
өңірінен әскерге 300-ге жуығы шақырылды. Эшалон
Оралдан Қиыр Шығысқа бет алды. Эшалонға әрбір
стансадан қыздар тиелген екі-үш вагоннан қосылып
отырды»-деп жазылған. Бұл деректерден Қиыр
Шығыс майданына қазақстандық мыңдаған жауынгер
қыздың қатысқанын аңғаруға болады...... Міне, солар
жайлы біраз айтылмаған мәліметтерді айта отырып,
қазақтың батыр қыздарының ерліктерін қағаз бетіне
жаза кетсем...
113