Page 113 - Сборник эссе
P. 113

Шығыс  Қазақстан  облысында  тұрады.  Кейін  1962
            жылы Гурьев қаласына, яғни қазіргі Атырауға көшіп,
            сол  жақта  өмір  сүреді.  Сөйтіп,  1962-1964  жылдары
            Гурьев қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы орта
            мектепте алғашқы әскери дайындық сабағын оқытып,
            мұғалім  болып  жұмыс  істейді.  Ал  1964  жылдың  та-
            мыз  айынан  бастап,  ДОСААФ  Гурьев  облыстық
            филиалының  спорттық  атқыштар  клубының  басшы-
            сы  болды.  Сондай-ақ,  төрт  жыл  қатарынан  Гурьев
            қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды.
                 Елеуісов  1972  жылдың  қыркүйегінде  ДОСААФ
            желісі  бойынша  Жамбыл  қаласына,  қазіргі  Тараз
            қаласына ауыстырылды. Онда ол ДОСААФ аймақтық
            комитетінің  облыстық  спорттық-атқыштар  клубының
            басшысы  болды.  Ұлы  Отан  соғысына  қатысып,  ерен
            ерлік  көрсеткен  батырымыз  өмір  бойы  еңбек  етіп,
            ақыры 1991 жылы зейнеткерлік демалыс шығады.
                 Осылайша, соғысқа аттанған жылы Днепр өзенінен
            өтудегі жойқын ұрыстарда ерекше көзге түсіп, Кеңес
            Одағының  батыры  атағын  алған  ең  жас  қазақ  жігіті
            Жәнібек Елеуісов 1996 жылы 21 сәуірде өмірден озды.
            Ол  Тараз  қаласындағы  «Жасыл  кілем»  зиратында
            жерленді.
                 Алғашқылардың         бірі   болып     Днепр      өзенін
            бағындырған қазақ жігіті 1943 жылы Ленин орденімен,
            1943  «Ерлігі  үшін»  медалімен  және  1985  жылы  1
            дәрежелі  Отан  соғысы  орденімен  марапатталған.  Ал
            Таразда, Кеңес Одағының батыры өмір сүрген Сабыр
            Рахимов көшесіндегі №1 үйдің қабырғасында оған ар-
            нап ескерткіш тақта орнатылды.
                 Міне,  осылайша  еліміздің  егемендігі  үшін,  бере-
            ке  бірлігі  үшін  қаншама  батыр  азаматтарымыз  бен
            азаматшаларымыз  жанын  аямай  күресті.  Біз  олар-
            ды мақтанышпен әнге қосып, есімдерін алтын кітапқа
            ойып  жазуға,  ешкімді  ұмытпауға,  ештеңені  де  ұмыт
            қалдырмауға  тиіспіз.  сол  батырларымыз  қанмен
            әкелген Ұлы жеңісті гүлге толтырып, нық ұстау ендігі


                                          112
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118