Page 119 - Сборник эссе
P. 119
жанарға жас іріктім... Өте ауыр... ет жүрек езіп
жіберердей, талай қыршын жастың өмірі қиылып,
талай тағдыр тәлкекке түсіп, талай ғұмыр өзгеріске
ұшырады.
Өмір мен өлім арасында қасқағым сәтте жан
үшін арпалысып жатқан тағдырлар тартысы көңілді
елең еткізбей қоймайды. Бұл сұм соғыс қаншама
елді-мекендерді, жұртты, отбасыны құртты десеңші,
қаншама қайғы-қасырет әкелді адам тағдырына,
қаншама жетім-жесірлер қалды.
Әр жазушы қаламынан туған шығарма-бауыр еті
баласы сынды ыстық болады ғой, сол себептен менде
шығарманы жазбас бұрын, соғыс жайлы зерттеулер
мен ақпараттарды көп оқып, ізденіп, жазылған жазбам
жалындай оқырманды қарып, өзегін өртеп жіберердей
боларына сенемін...
Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл.
Қанша жыл өтсе де, жасаған ерліктерді ұмытуға
қақымыз жоқ. Қан майданда мұзбалақ болып, Отан
үшін от пен суға түскен темір үзер талай ерлер
сын сағатында сынып кетпей абыройды асқақтатып,
ерлікпен ел қорғағанын санадан шығармауымыз қажет.
Толғауымдағы түпкі мақсат – соғыстың салқының
жылылықта ғұмыр кешкен жас ұрпақ ұмытпаса екен...
Ер есімі жылдан - жылға сағымданбай, жаңғыруымен
болса нағыз нұр үстіне нұр болары рас...
Ел тарихын, жер тарихын ұмытпауымыз керек.
Өскелен ұрпақ өшпес ерлік жасаған өр тұлғалар
есімін ел жадына жаттатуға өзіндік үлесін қосқаны
жөн. Жадымызда жүрсе тарих сағымданбай, бейбіт
күннің қадірін білетін болар едік. Осындай бейбіт
күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Бұл ерлікпен,
қайсарлықпен, қаншама қан төгіспен келген күн. Осын-
дай ерлік көрсеткен ержүрек ата-бабаларымызға,
аға-әпкелерімізге басымызды иіп, тағзым етемін. Сон-
дай ерлік көрсеткен, елдің бақыты, бейбіті үшін жанын
қиған ержүрек, батыл, өр мінезді ұшқыш жерлесіміз
–Нұркен Әбдіров.
118