Page 110 - Сборник эссе
P. 110
Бірақ, жау қолы Қызыл әскердің жауынгерлерін байқап
қалып, оқ жаудыра бастайды. Сол кезде пулеметші
Жәнібек Елеуісов қарсыластың пулеметінің мылтығын
бұзып, бүкіл батальонға өзеннен өтуге мүмкіндік ашып
береді. Осылайша, қазақ жігітінің ерлігінің арқасында
Днепрдің арғы жағындағы Қызыл Армия әскері бұрын-
соңды болмаған тұрақтылықты көрсетіп, күн сайын
жаудың сегіз шабуылына бір айға жуық уақыт тойта-
рыс береді.
Бірақ, бұл ауыр ұрыста Кеңес жауынгерлерінің
күші әлсірей бастап, барлық топтан тек Жәнібек
қана қалды. Бірақ ол немістерден жаулап алған
шағын плацдармды ұстап тұрып, шімірікпей соңына
дейін жазғыз өзі тойтарыс береді. Ал қараңғы түнде
фашистердің шабуылы тоқтатағанда, Елеуісов түні
бойы оғы таусылған қаруларын оқтап, жау әскері оның
бір жерден екіншісіне көшіп жүргенін байқамас үшін
әр жерге бес пулемет қойып шығады. Таң атқанда,
гитлерліктер қайтадан кеңес жауынгерлері тұрған
жерге шабуыл жасаған кезде, Жәнібек жаудың қолы
ұрыс алаңын тұтастай бір бөлімше ұстап тұр деп ой-
ласын деп, жауға өзі жалғыз соққы береді. Осылай ол
төрт тәулік бойы не демалмай, не тамақтанбай жазғыз
өзі жауға тойтарыс берді. Ол төрт күн бойы Днепрдің
оң жағалауында жауға қарсы жалғыз шайқасты.
Жаудың шабуылына гранаталар лақтырып, пу-
леметпен оқ жаудырған Жәнібек күші тең емес бұл
ұрыста жеңіске жетті. Сонда рота командирі бастаған
сарбаздар қазақ жігітіне көмекке келгенде, 4 тәулік
бойы тоқтамай оқ жаудырғаннан қолдары әбден ісініп
кеткен Елеусіновты станокты пулеметтің сабын ұстап,
әлсіреп жатқан жерінен тауып алады.
Сондай-ақ, ол 1943 жылдың 29 қыркүйегінде Киев
облысындағы Чернобыль ауданы Плютовище кентінің
жанындағы Припять өзенінен де сәтті өтеді. Оң жақ
жағалауға жеткен Жәнібек Елеуісов жаудың атыс ор-
нына оқ жаудырып, көпшілігін басып-жаншыды.
109