Page 109 - Сборник эссе
P. 109
қарасты Тұрат ауылында қарапайым шаруа отба-
сында өсіп жетілген. Білімін жетінші сыныпқа дейін
қазақша алады. Кейін көрші аудандағы мектепте орыс-
ша жалғастырады. Бозбала Жәнібек енді ғана үлкен
өмірге аяқ басып келе жатқанда, екінші дүниежүзілік
соғыс та басталып кетеді. Ал ержүрек қазақ бала-
сы соғыстың алғашқы күнінде-ақ майданға аттануға
ниет білдіріп, военкоматқа әскерге алу туралы өтінішін
алып келеді. Алайда, оның жасы жаңадан ғана 16-
ға толғандықтан, оны әскер қатарына алмайды. Бірақ,
ол айтқанынан қайтпай бірнеше рет военкоматқа ба-
рып, аудандық комсомол комитетіне майданға ерікті
түрде жіберуін өтінеді. Жас жігіттің арманы тек
1943 жылдың ақпанында ғана орындалды. Осылайша,
Елеуісов 1943 жылы ақпанда Алтай өңірінің Усть-
Кан ауданындағы Қызыл Армияның әскери комисса-
риатына шақырылып, Барнауыл әскери училищесіне
жіберіледі. Ал 1943 жылдың тамызында ең мықты
курсанттардың қатарында болған Елеуісов ақыры
майданға жіберіледі. Сөйтіп, Сумы аймағын, Шостка
қаласын жау қолынан азат етуге қатысып, Деснаны
Днепрді алады, Бойындағы сүйіспеншілік оты көпті
тәнтті етеді.
1943 жылы 23 қыркүйекке қараған түні
6-гвардиялық атқыштар дивизиясының 25- гвардиялық
атқыштар полкінің пулеметшісі, Қызыл армия әскері
Жәнібек Елеуісов алғашқылардың бірі болып Днепрді
кесіп өтіп, оң жақ жағалаудағы плацдарманы басып
алуға қатысады. Пулеметін қолына алған жас жау-
ынгер жауға қарсы шабуыл жасап, өзінің бөлімшесіне
өзенді кедергісіз басып алуына мүмкіндік жасайды.
Құрамында Жәнібек Елеуісов болған полк Днепрге
келгенде су шекарасынан өтіп, жаудың қорғанысын
бұзып, оны қоршауға алып, жойып жіберуі керек бола-
тын. Сонда 1943 жылы 22 қыркүйекте Жәнібек Елеуісов
және тағы екі жауынгер станокты пулеметтерін алып,
жиналатын қайықпен тапсырманы орындауға шығады.
108