Page 108 - Сборник эссе
P. 108

Қолдарына  «Менде  елімді  қорғаймын»  деген  суық
            қару алып қыстың суығына қарамастан соғысқа атта-
            нып жатқандар легі тым көп еді. Жүрегінде елге де-
            ген, жерге деген сүйіспеншіліктің басым болғаны сон-
            ша тек еркек кіндіктілер емес, әйел затыда ұмтыла,
            ұрандата  қатысқан  болатын.  Қазақстан  халқы  Ұлы
            Отан соғысына өз еріктерімен жазылып, өз еріктерімен
            жабыла барып жатты.
                 Ұлы Отан соғысында ұлы ерлігімен тарихта аты
            қалған ұл-қыздары қаншама.
                 Қан кешкен уақытта үйлеріне суырша тығылып,
            қаннан  қаперсіз  отқан  қазақ  азаматтары  болған
            еместі.  Мен  қазақтың  қара  көзді  ұрпағы  болғаныма
            мақтанамын.  Намысты,  батыл,  қайсар  елдің  ізін
            жалғаушы болғаныма мақтанамын. Енді кезекті «Ұлы
            Отанның от кешкен ұрпақтарына» тоқталсақ.
                 Соғыстың  оты  тұтана  бастаған  шақта  алғашқы
            қыздардың  бірі  болып  Алматы  қаласында  медицина
            институтының  студенті  Маншүк  Мәметова:  «Отбасы-
            мыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам
            да  жоқ,  сондықтан  өзімді  жіберуді  өтінемін»,—  деп
            әскери комитетке өтініш берген болатын. Соғыста ер
            азаматтармен бірдей деңгейде ерлік көрсетіп, ең сақ
            плуметші атанған .Сонымен қатар Әлия Молдағұловада
            соғысқа өз еркімен қатысып 54-атқыштар бригадасының
            мергені  атанған  болатын.  Шығыстың  қос  шынар
            қыздары  ерлік  істерімен  ел  есінде  мәңгі  қалған  бо-
            латын.  Қазақтан  шыққан  ақын-жазушылардың  өзіде
            қолдарына  қару  ала  жүріп  қан  төгіс  соғыста  қаза
            тапқан.  Ұлы  соғыста  ұлы  еңбектің  иесі  атанған  та-
            лай қайраткер, батырларымыз халық жадында, тарих
            беттерінде. Аты аңызға айналған , ерлігін ғасыр жыр-
            лап айтатын бірегей тұлғамыз бірі  Жәнібек Елеусізов
            еңбегі жайлы айта өтсек.
                 Жәнібек  Елеусізов  қазіргі  өр  Алтай  Республика-
            сында  1920  жылы  20  маусымда  дүние  есігін  ашқан.
            Алтайдағы  аты  көпке  мәлім  Уст-Кан  ауданына


                                          107
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113