Page 107 - Сборник эссе
P. 107
Қазақстан тарихында болған соғыс, қырғын, басып
алу, аштық бәрі-бәрі кешегінің көрінісіндей кітіп
беттерінде анық суреттелген. Жүрек тітіркенетін,
жаның ауыратын ең үлкен тарихи сюжеттің тарихи
оқиғаның бірден-бірі менің ата-әжем көрген, сенің ата-
әжең көрген Ұлы Отан соғысы.
Ұлы Отан соғысы естір құлаққа түрпідей тиері
анық. «Соғыс» деген сөздің өзі жүрегіңді сескендіреді.
КСРО кезінде қазақ елі, қазақ жері Ресей құрамында
болғанын бәріміз білеміз. Отар елдің бірі болған қазақ
халқы Ұлы Отан соғысына дейінде басынан өткергені
қанша. Қайсар мінезді, өр рухты, намысты елдің
ұрпағы болғасын «Елім» деп еңіреп өткен ерлер қанша.
1904-1906 жылдардан бастап жер үшін таласқа түскен,
қанға толған жер беті көбейе бастады. Аумалы-төкпелі
заманда таяқтың бір ұшы КСРО-ға тиері анық еді.
Шабуыл жасаспау туралы 1939 жылдың 23 тамыз
айында Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік
Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жа-
рияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді.
Сомен не керек 1939 жылдан бастап Кеңеске тісін
қайрап жүрген неміс фашистері ұлы державалармен
одақ құра отырып 1941 жылы аңсаған соғысын ел аман,
жұрт тыныш ұйқыда жатқанда сойқан соғысты бастай-
ды. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру
еді.Өзара одақ құру арқылы Германия, Италия секілді
елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болған.Тынышы-
мен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған
фашистер жоспары іске аспай өздері сол соғыстың
зардабын тартты. Кеңеске тиген қауіп қазақ елінің
жанына инедей шаншылды. Қазақтың бауырмалдығы,
қазақтың адал достығы, шынайы жанашырлығы
туғаннан қазақ қанына сіңгені мәлім. Текті елдің
ұрпағы болған қазақ қашанда тектілігін жоғалытпаған.
Кеңеске тиген пышақтың жүзі қазақтың маңдайынада
тигендей еді. Кеңес адамдарының потриоттық сезімі
нығайа түсті. Өз еріктерімен соғысқа батыл қатысты.
106