Page 106 - Сборник эссе
P. 106
өз елі, жері, жанұясы үшін өзінің жанын оққа тіреген
қазақ батырларын үлгі етуіміз керек. Елімізде бейбіт
күн кешіп, тәуелсіздік туының астында өмір сүріп
жатқанымыз, қазақ батырларының құрбандығы,
қанмен, термен келген ұзақ әрі қиын еңбегі. Әр ұлттың
майданда оққа қарсы жүгіретін ержүрек жауынгерлері
мен күн мен түннің айырмашылығын ұмытып, ұйқыдан
айырылып бар күшін салған майталмандарымыздың
ерен еңбегі айқын көрінбек. Туған жердің бір түйір
тасы жаттың ат басындай алтыннан қымбат емес пе?
Әрбір жасұлан өз елінің картасына көз салып, байтақ
өлкесін, туған жерін мақтан етуі тиіс. «Ел болам десең,
бесігіңді түзе» - дейді, дана халқымыз. Әрбір адам-
зат баласының өмір бойғы жиған ілім-білімі мектеп
қабырғасынан бастау алады. Дулығалы ата-бабалары-
мыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк
теңізін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған.
9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл
халықтың батырлығы. Жауынгер ерлігі мен жеңісті
еңбегімен соққан еңбекшінің ерліктері ұмытылмайды.
Торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін
ерекше болмақ.
Серікбол ЖЫРҒАУ
«Біздің жүрегіміз темір емес.
Бірақ біз қандай темірді болса да ерітіп,
күйдіріп жібере аламыз, біздің үрейді
жеңетін ең күшті қаруымыз бар,
ол – Отанға деген сүйіспеншілік»
Б.Момышұлы
Зұлмат заман қай кезеңде болмасын қазақ елінің
басынан сипаған жоқ. Тегеурінді жылдарда теңіздей
толқыған жер беті не бір бейнеттерді басынан өткерді.
105