Page 105 - Сборник эссе
P. 105

қазақстандық  қосылып,  әрбір  бесінші  адам  майданға
            аттанды. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Бе-
            лоруссияны,  Балтық  бойын,  Молдовияны  азат  етуге
            қатысты.  Мыңдаған  қазақ  жігіттері  Кеңес  әскерінің
            құрамында  Шығыс  Европа  халықтарын  Гитлердің
            тепкісінен  азат  етуіне  ат  салысты.  Кеңестік  Шығыс
            әйелдері  арасынан  бірінші  болып  Ленин  орденімен
            және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар —
            шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Мамето-
            ва мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер)
            Әлия  Молдағұлова  болды.  Ұлы  Отан  соғысындағы
            ерліктері  үшін  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын
            алғандар: Барлығы — 11600 адам; Қазақстандықтар —
            497, оның ішінде қазақтар — 97; Қазақ қыздары — 2.
                 «Ешкім  де,  ештеңе  де  ұмытылмайды»  демекші,
            Ұлы Отан соғысы мәңгі  тарих қойнауына енді. Бүгінде
            бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 75 жыл болмақ,
            дегенмен  бұл  соғыста  Қазақстандағы  әр  отбасынан
            жүздеген  мың  адам  қолына  қару  алып,  ұрыстарға
            қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, От-
            аны үшін жанын бергендіктен, соғыс  ұмытылмастай
            ізін  қалдырды.  Соғыс  жылдары  Қазақстан  сонымен
            қатар миллиондаған босқындарды қабылдап, қол ұшын
            соза білді, әрі майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік
            жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
                 Мен эссены Сырбай Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан
            солдаттар» атты өлең жолдарымен тәмамдағым келеді:
                 Жаутаңдап қарап дала тұр,
                 Көз жасын сүртіп жаңа бір.
                 Хабарсыз ұлын сұрауға,
                 Жолыңды тосып ана жүр.
                 Қанша үйдің ұрлап адамын,
                 Қанша үйде сөніп қалды оттар.
                 Көрдің  бе  ұлын  ананың  Соғыстан  қайтқан  сол-
            даттар?  75  жыл  бұрын  болған,  адамзаттың  тарихта
            қалдырған ізін ұмытпау керек, ол тек соғыс пен өлім
            ғана емес, онымен қоса жігерліктің, адам баласының


                                          104
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110