Page 104 - Сборник эссе
P. 104

Бұл  нағыз  Ұлы  Жеңіс  болды.    Қарулы  майдан  мен
            қажырлы елдің  ұлы  мұрат жолыңдағы  қоян қолтық
            байланысын  білдіретін «Отан үшін», «Бәрі де жеңіс
            үшін!»-  деген  айбынды  ұрандар  аталарымыздың,
            әжелеріміздің,  әкелеріміз  бен    апаларымыздың
            құлағында  күні  бүгінге  дейін  жаңғырып  тұрғандай.
            Ұлы Отан Соғысы ұлы  жеңісіміз, достықты шыңдаған,
            бірлікті жырланған ұлы бақыт. Арын алау етіп, жанын
            жалау етіп жауға  атанған ел ұландары Отанымыздың
            байтақ  жерін  қорғады,  халықымыздың  байтақ  жерін
            қорғады, ақ сүт берген анасын, пәк күлкі шашқан ба-
            ласын қорғады. Соғыс адамзаттың  санасында, дүние
            жүзінің  тарихында  мәңгі  бақи  ұмтылмайтын  аса  зор
            оқиға.  Бұл  соғыстың  әлем  халықтарының  тағдыры
            үшін атқарған рөлі айтқысыз.
                 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтар
            1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы  екінші
            дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа
            мәңгі  енді.  Бұл  соғысқа  Қазақстандықтарда  қолына
            қару алып, ұрыстарға қатынасты. Кеңес адамдарының
            патриоттық  сезімі,  әрине,  бұл  шайқасқа  қарсы  тұра
            білді.  Қазақстан  халқы  Отан  қорғаушылар  қатарына
            өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы
            медицина институтының студенті Маншүк Мәметова:
            «Отбасымыздан  майданға  жіберетін  ешкім  жоқ,  ағам
            да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,—
            деп  әскери  комитетке  өтініш  берді.  Қазақстаннан
            соғыс  майдандарында  100-ге  жуық  ақындар  мен  жа-
            зушылар  шайқасқан.  Республика  бойынша  2  милли-
            оннан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың
            алғашқы  кезеңінде  14  атқыштар  және  атты  әскер
            дивизиясы,  6  бригада  құрылып,  майданға  жіберілді.
            Қазақстандық  36  жеке  атқыштар  бригадасы  30-дан
            астам  ұлттан  құрылды.  Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік
            Қазақстан,  Қырғызстаннан  шақырылған  жігіттерден
            316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі ге-
            нерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164


                                          103
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109