Page 87 - 2023_kzd
P. 87
Қажыбек Е. «Қылыш Бабаевты кім білмейді?!» // Орталық Қазақстан. - 2008. - 2 ақпан. - 1
б.
Қаза тапқан жолдастарымызды ұмытпаймыз // Социалистік Қазақстан. - 1948. - 3 октябрь
(№ 197). - 3 б; Лениншіл жас. - 1948. - 6 октябрь (№79). - 3 б.
Махат Д. Әуеде жарылған ұшақ. 1948 жылғы қасірет туралы аз-кем әңгіме // Егемен
Қазақстан. - 2008. - 16 желтоқсан (№ 391-396). - 5 б.
1928 - Ақтоғай ауданының құрылғанына 95 жыл
Ақтоғай ауданы Тоқырауын өзенінің бойында, Шатырша, Жосалы, Қаражұмақ
тауларының етегінде орналасқан. Солтүстік-шығысында Қарағанды қаласынан-250 км,
оңтүстігінде Балқаш қаласынан-210 км жерде орналасқан.
Ақтоғай-5199,7 мың гектар жерді алып жатқан шекарасының ұзындығы 939 шақырым,
оның 225 шақырымы Балқаш көлінің жағалауымен өтетін, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл
обылыстарымен, Қарқаралы, Шет аудандарымен шектесетін ауылшаруашылығы дамыған,
әлеуметтік салалары өркендеп өндірісі қанат жайып, туризмі қалыптасып келе жатқан көп
салалы іргелі аудан.
Сарарқаның бір бөлшегі болып саналатын бұл өлкені 18 ғасырдан бастап, Арығынның
Қарақесек пен Тобықты аталарынан тарған Жалаңтөс, Қараменде,Сеңкібай, Жидебай,
Шабанбай, Сана бабалар мен Ағыбай батырдың ұрпақтары, Сәдір Қожадан тарайтын қожалар
мен төре Бөкейдің ұрпақтары мекендейді.
1928 жылы құрылған аудан бастапқыда Балқаш, одан кейін Тоқырауын, Қоңырат, Ақтоғай
аталып, қонысы төрт жерге ауыстырылған. Әр жылдары Алматы, Қарағанды, Жезқазған
обылстарының құрамына енгізілген.
Ұлы Жібек жолының теріскейге бағыт алған кіші тармағының Балқаш көлінің қылта
тұсынан өтіп, Тоқырауын өзенін бойлап, Бегазының үстімен солтүстікке бет алатыны тарихи
деректерде келтірілген. 1848 жылы Қоянды жәрмеңкесі ашылғанда Тәшкеннен шыққан
саудагерлердің керуен жолы Қарабұлақ, Қызылүйтас, Желтаумен жүріп, Қызыларай
тауларының ортасымен Қарқаралыға қарай сапарлап өткен.
ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап, тұщы сулы Тоқырауын өзінінің екі жағалауында
ұзындығы 130 шақырымға жететін қолмен қазылған арық тоғандармен суармалы егістік
танабын жасап, 100 дәні 6,2 грамм тартатын, әр масағынан 120-ға дейін дін алатын Ақтоғайдың
әйгілі Ақбидайын өсірген.
ХVІІІ- ХІХ ғасырларда бұл өлкеде абыз бабалар, айбынды батырлар ақиық ақындар мен
өнер саңлақтары атанған Жалаңтөс Құлықұлы, Қараменде Шақаұлы, Сенкібай Оразқұлұлы
,Жидебай Қожаназарұлы, Шабанбай Қалқаманұлы,Сана Қожантайұлы, Сүттібай Қосанұлы,
әулие қожалар Сәдір Бірсалымұлы,Өтеген Халаутайұлы жауырыны жерге тимеген Жанабай,
Қоғыл мен Спан балуандар, Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейхан,Жақып Ақбаев, Әлімхан
Ермеков, әнші, сазгер, ақын Әсет Найманбайұлы,Шашубай Қошқарбайұлы, Нұржан
Шонаұлы,Кенішбай Жұбандықұлы, Нарманбет Орманбетұлы, Шалғымбай Томайұлы, Аққыз
Ахметқызы, Тәшен Исаұлы, Нұршилан Бәйешұлы өмір сүріп, қазақ елінің өткен тарихының
төрінен орын алып мақтанышына айналған. Аға буын ақындардың ізін отызға тарта талантты
ізбасары жалғастырған.
Ақтоғай селосының іргесі 1928 жылы қазіргі Нарманбет селолық округіне қарасты
Дуанши елді мекенінен көшіріліп, алғашқыда «Басшы», 1930 жылдан бастап Ақтоғай селосы
болып аталды. Жалпы жер көлемі 66529 гектар. Негізі мал шаруашылығымен айналысады.
Халқы –2821 адам. Жалпы білім беретін 2 орта мектеп, №14 кәсіптік лицей, Өнер мектебі,
жасөспірімдер спорт мектебі, бала бақша жұмыс жасайды. Селода орталық аурухана, 2 саябақ,
археологиялық-этнографиялық мұражай, «Тоқырауын толқыны» халықтық ән-би ансамблі,
халық театры, «Балбырауын» би ансамбілі, «Арман» эстрадалық ұжымы, «Сауле» акционерлік
қоғамы, «Энергия», «Су жүйесі» ЖШС, 187 жеке кәсіпкер жұмыс жасауда.
87