Page 92 - 2023_kzd
P. 92
құрылған. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланасыды. Ең жақын
Сарышыған теміржол станциясы 50 км жерде.
Сарышыған кенті. Тұрғындар саны 4294
Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында 500 км, аудан орталығы Ақтоғай селосының
оңтүстік батысында 350 км, Балқаш қаласының оңтүстік батысында 150 км жерде, Балқаш
көлінің батыс жағалауында орналасқан. 1950 жылы 30 тамызда Балқаш қалалық атқару
комитетінің шешімімен құрылған. Сарышыған кентінің құрамына Қаражыңғыл, Науалы, Весна,
Көктас теміржол бекетттері кіреді. Кентте қазақ, орыс, украин, белорус, кәріс, қырғыз, өзбек,
неміс ұлттары тұрады. Жері батпақты, сор, батыс жағы қыратты. Мал өсіруге қолайсыз. Суы
ащы. Көл жағалауында қамыс, басқа жерлерде жусан, баялыш, жыңғыл өседі. Жалпы жер
көлемі 13000 га. Сарышыған кентінде шағын және орта бизнес жақсы дамыған. «Қазақстан
темір жолы» ЖАҚ, ҰК-ның Жамбыл бөліміне қарайтын бөлімшелері, «Қазтранстелеком» АҚ-ң
Жамбыл, «Қазақтелеком» АҚ-ң Балқаш бөлімшелері, «Ұлтау» ЖШС, «Қазақмұнайгаз»
жанармай құю стансасы, «Болашақ» шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Теміржол вокзалы, 2-
мектеп, интернат, ОДА, аурухана, клуб, кітапхана, «Қазпочта» АҚ Балқаш бөлімшесі басқа да
мәдени тұрмыстық мекемелер бар. Сарышыған кенті тоғыз жолдың торабында, Алматы –
Астана тас жолы, темір жолының бойында орналасқан.
Ақтоғай ауданы әкімі болған азаматтар тізімі:
1. Дүйсебеков Сағадат Жапабайұлы (Ақтоғай ауданының тұңғыш әкімі болып
тағайындалды 1992-1997 ж.)
2. Ахметбеков Төлеужан (Біріккен Ақтоғай, Тоқырауын аудандарының әкімі болып
тағайындалды 1997-2001 ж.)
3. Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы (2001 ж. ақпан айынан 2005 жылдың 18-мамырына
дейін)
4. Тәтибеков Мейірхан Тәтибекұлы 2005 ж. 9 –маусым айынан бастап 2006 ж.)
5. Жарылғап Махмуд (2006 ж. 20-қазан айынан 2010 дейін)
6. Омаров Қабдырахман (2010 ж. 22-қантар айынан 2011 ж.)
7. Тілеубергенов Қайыржан (2011ж 21-қазан айынан 2012 ж.)
8. Әбеуова Салтанат 2012 ж 28 тамыздан 2013 ж.)
9. Ниханбай Омарханов (2013 ж. – 2016 ж.)
10. Әбеуова Салтанат 2016 ж. сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін аудан әкімі қызметін
атқаруда.
Әдебиеттер:
Сарыарқа - қазыналы өлке = Сарыарка - край сокровищ = Saryarka is a land of treasures:
[альбом-кітабы] / бас ред. Н. Әбдібеков. - Қарағанды: Гласир, 2016. - 297 б.
Махмұт Ж. Алаштың Ақтоғайы. - Қарағанды: Полиграфия, 1998. - 31 б.
Жарылғапов М. Ақтоғай-алтын бесігім. - Алматы: Кітап, 1990. - 106 б.
Қашқынов Ж. Атыңнан айналайын атамекен: деректі әңгімелер, толғаулар, портреттер. -
Алматы: Жібек жолы, 2002. - 200 б.
Нуркенова А. Т. Орталық Қазақстан майда шоқыларының қына флорасы (Қарқаралы мен
Ақтоғай аудандарының көлемінде): автореферат. - Алматы: Әрекет-Принт, 2010. - 20 б.
Қарағанды облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы: [жинақ] /
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тіл комитеті; ред. Б. Ахмет. -
Қарағанды: Doffin, 2008. - 299 б.
Мұқан Т. Ө. Қол өнерінің құтты қонған жері - Ақтоғай // 21 ғасырдағы Қазақстан
мұражайларының келелі мәселелері және кемел келешегі атты ғылыми - практикалық
конференция материалдары = Материалы Республиканской науно-практической конференции
"Проблемы и перспективы музеев Казахстана в 21 веке" / Қарағанды облысының мәдениет,
мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы. -
Қарағанды: TENGRI LTD, 2013. – 126-128 б.
Жанысбай С. Ақтоғай - арыстар мекені: портреттер, сұхбаттар, әзілдер, өлеңдер. -
Қарағанды: TENGRI LTD, 2015. - 290 б.
92