Page 84 - 2023_kzd
P. 84

Бейісқұлов Т. Алаштың 631 ардағы...// Қазақ елі. – 1998. – 13 наурыз. – 1-3 б.
                  Әлішев З. Жазықсыз жапа шеккен // Шет шұғыласы. - 2013. - 30 мамыр (№ 22). - 5 б.
                  Рамазан  Д.  Қажырлы  қайраткер  немесе  Бектің  Орынбегі  кім  еді  //  Айқын.  -  2016.  -  15
            шілде (№ 104). - 10-11 б; Ақиқат. - 2016. - № 7. - 51-62 б., Орталық Қазақстан. - 2016. - 2 шілде
            (№ 105). - 3 б; Қасым. - 2016. - №3. - 167-188 б., Жұлдыз. - 2016. - № 8. - 187-201 б.
                  Тұрсынова Л. Азаттық таңын аңсаған // Орталық Қазақстан. - 2017. - 29 шілде (№ 83). - 4
            б.
                                                          1898-1938  -  Мемлекет  және  қоғам  қайраткері
                                                          Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына 125 жыл
                  Алаш  қозғалысына  қатысушы,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Жанайдар  Сәдуақасов
            1898 жылы Ақмола уезі, Сарысу болысында (қазіргі Қарағанды облысы) дүниеге келген. Ауыл
            молдасынан  хат  танып,  1912  жылы  Ақмоладағы  орыс  мектебіне  түсіп,  оны  бітірген  соң
            ауылына  оралады.  1914  жылы  Омбы  гимназиясында  оқып  жүрген  кезіңде  Омбыда  қазақ
            жастары  құрған  «Бірлік»  атты  мәдени-ағарту  ұйымына,  1918  жылы  «Жас  қазақ»,  1918-1919
            жылдары  «Қазақ  жастарының  демократиялық  кеңесі»  ұйымдарының  басшыларының  бірі
            болады.
                  1917  жылы  қазанның  басында  өткізілген  қазақ  жастарынын  сиезіне  қатысады.  Осы
            кезеңде  Сәдуақасов  халық  арасында  алаштық  идеялардың  таралуына  үлес  қосады.  Колчак
            билігі орнаған шақта астыртын жұмыспен айналысқан. Жазушы, қайраткер Ф.А. Березовский
            арқылы саяси ұйымдармен байланысып, 1918 жылдың 22 желтоқсанындағы қарулы көтерліске
            қатысты. 1920 жылдан бастап халық ағарту, атқару комитеттері жұмыстарына араласады. 1920-
            24  жылдары  Қазақ  АКСР-і  Орталық  ақару  комитетінің  жауапты  хатшысы,  1923-24  жылдары
            Орталық  атқару  комитеті  жанындағы  іс  қағаздарын  қазақ  тіліне  көшіру  жөніндегі  Орталық
            комиссияның төрағасы қызметтерін атқарады. Ж.Сәдуақасов 1924-1925 жылдары Адай уездік
            ревкомы  төрағасы  қызметіне  жіберіледі.  1925-26  жылдары  Қазақ  АКСР-і  Қаржы  халық
            комиссарының  орынбасары,  1927-28  жылдары  Сырдария  губерниялық  аткомының  төрағасы
            болып  істеді.  1928-29  жылдары  Қазақ  АКСР-і  Әділет  халық  комиссары  әрі  республика
            прокуроры болып тағайындалды. Жанайдар Сәдуақасов 1929-33 жылдары БК(б)П Қазақ өлкелік
            комитетінде  мәдениет  және  насихат  бөлімінің  меңгерушісі  болып  қызмет  атқарды.  «Еңбекші
            қазақ»  газетінің  редакторы,  1934-36  жылдары  БК(б)П  Қазақ  өлкелік  комитетінің  хатшысы,
            1936-37 жылдары АКСР-і ХКК төрағасының бірінші орынбасары қызметтерінде болған. 1937
            жылы Қазақстан К(б)П Алматы облыстық комитеті мен Алматы қалалық комитетінің бірінші
            хатшысы болып сайланып, сол қызметінде 1937 жылы қыркүйекте тұтқындалғанға дейін істеді.
            1938  жылы  25  ақпанда  атылған.  Жанайдар  Сәдуақасов  1931  жылы  Қазақстан  партия  ұйымы
            қабылдаған  маңызды  қаулы-қарарларды  жинастырып,  құжаттар  жинағын  шығарды.  Әр  кезде
            ағымдағы  сәтке  байланысты  мақалалар  жазып  тұрды.  Сәдуақасовтың  өмір  жолының  патша
            өкіметі  құлағаннан  кейінгі  алғашқы  кезеңі  С.Сейфуллиннің  «Тар  жол  тайғақ  кешу»  тарихи
            романыңда суреттелген. Ж.Сәдуақасовтың есімі 1957 жылдың сәуірінде ақталды.
                  Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына  сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016
            жылғы  29  желтоқсандағы  №891  қаулысымен  Қарағанды  облысы  Жаңаарқа  ауданындағы
            Түгіскен  жалпы  орта  білім  беретін  мектебі  бүгінде  «Жанайдар  Сәдуақасов»  атымен  аталды.
            Яғни  2017  жылы  мамырда  Жаңаарқа  ауданы,  Түгіскен  орта  мектебіне  Ж.Сәдуақасов  аты
            берілді.
                  2018  жылы  11  желтоқсанда  Алматыда  Жанайдар  Сәдуақасовтың  құрметіне  ескерткіш
            тақта орнатылды. Қайраткердің аты-жөні мен суреті бейнеленген тақтайша қаладағы Назарбаев
            даңғылы және Бөгенбай батыр көшесінің қиылысындағы өзі тұрған үйдің қабырғасына ілінді.
                                                       Әдебиеттер:
                  Сәдуақасов  Ж.  Таңдамалы  шығармалар  жинағы:  Мақалалар,  баяндамалар.  –  Астана:
            “Елорда”, 2009. – 192 бет.
                  Сәдуақасов  Ж.  Өмірі  мен  қоғамдық-саяси  қызметі:  шығармалар  жинағы;  Қазақстан
            Республикасының  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі,  Ақпарат  және  Мұрағат  комитеті.  -
            Астана: Елорда, 2013. - 398 б.

                                                             84
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89