Page 82 - 2023_kzd
P. 82
Қ. Жиренбайұлы туралы әдебиеттер:
Қақпан (Батырбек) Жиренбайұлы (1853-1933) // Қарағанды. Қарағанды облысы:
энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 327 б.
Әбдуов М. Қақпан ақын (1864-1933) // Сарыарқа саңлақтары. - Павлодар : ЭКО ҒӨФ,
2007. – 65-58 б.
***
Майбас Т. Тағы бір кітап жарық көрді // Орталық Қазақстан. - 2008. - 15 сәуір (№60) . - 1 б.
Жиренбайұлы Қ. Атым Қақпан // Орталық Қазақстан. - 2008. - 18 қазан (№161-162) . - 8 б.
Жүністегі К. Қақпан ақынның домбырасы // Орталық Қазақстан. - 2011. - 9 шілде (№
110/111). - 4 б., Шет шұғыласы. - 2011. - 30 маусым (№ 26). - 5 б.
1878 – 1937 - Халық ақыны Ахметбек
Байсалбайұлы 145 жыл
Біздің өлкеміз өткенде де, қазір де өзінің тамаша адамдарымен белгілі. Солардың бірі
бүкіл Қазақстанға белгілі болған ақын Ахметбек Байсалбайұлы. Ол 1878 жылы қазіргі Бұқар
жырау (бұрынғы Тельман) ауданы Қызылқайың /Березняки/ ауылында дүниеге келген. Арғы
тегі Арғын тайпасындағы Қуандық руының Алтайдан тарайтын Мойын деген бұтағынан
шыққан. Оның ішінде Мұрат, Мұраттың ішінде Әлмәмбет.
Жастайынан өлең шығарумен әуестенген, өз шығармаларында халықты отаршылыққа,
егіншілікке үгіттеген. өзінің қонысына ағаш еккен, бұл шоқ тоғайлы жер Ахметбектің қызыл
қайыңы деп аталады. Жастарды өнерге, білімге баулыған, кітапхана ашқан. Совет өкіметінің
алғашқы жылдарында сол өңірдегі Байдәулет болысының төрағасы болады.
Ахметбек халық ауызынан көп құнды әдеби мұра жинаған. «Қанда жорық» дастанында
отызыншы жылдардың басында ел ішіне ылаң салып, ашаршылыққа душар еткен асыра
сілтеушілерді өлтіре сынайды. Сол үшін жазықсыз айыпталады. 1966 жылы толық ақталады.
Ахметбектің де 20-30 жылдардағы ашаршылық, асыра сілтеу, қуғын-сүргін оқиғалары
кезінде айтқан нақыл мәнді, қанатты сөздері сол кезде елдің арасына кең тарйды. Ғұлама ақын
1931-33 жылдардағы ашаршылықты, бассыздықты ыза-ашумен өлтіре сынап, сол үшін жан
азабын шегіп, көпке дейін ар азабынан арыла алмаған «Аштық азабы» деген өлеңінде ізгі ниетті
адамдар қуғын-сүргінге түсіп, олардың алаяқ қулар, пайдакүнемдер, берекесіз сұмдар келгенін
көпшілік алдына жайып салады.
Ахметбек ән мен өлеңді ермек етпеген, өнер санаған. Халықтың рухани қазынасы деп
білген, жүрегіне баратын жол іздеген, ойына сіңетін әуенді шырқаған. Кезінде Ахметбек ақын
көп кітап жинапты. Өз үйінде кәдуілгідей кітапхана ашыпты. Жастардың оқып білім алуына
жөн сілтеп, көмектесіпті.
Қарағанды облысында Ахметбек есімімен әк тас кен орны аталады.
А.Байсалбайұлы туралы әдебиеттер:
Ахметбек Байсалбайұлы. // Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы,
1990.- 113 б.
Ахметбек Байсалбайұлы. // Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы:
Атамұра, 2006.- 135 б.
Ахметова Қ. Алаш деп туған арыс атындағы ақындар мүшәйрасы өтті // Орт.Қазақстан.-
2007.- 2 маусым.-5 б.
Бұқардан бүгінге дейін: антологиялық жинақ / Бұқар жырау ауданының әкімдігі, "Бұқар
жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" ММ; құраст.: М. Асқарова, Г.
Түспекова. - Қарағанды: Экожан, 2018. - 343 б
Әл-Карени (Каренов) Р. Көмейінен жыр төгілген Ахметбек ақын. - Қарағанды: Қазақстан -
Ресей Университеті баспасы, 2008. - 79 б.
***
Асқарова М. Алаш деп туған арысым // Сарыарқа. - Ботақара поселкасы. - 2007. - 12
82