Page 86 - 2023_kzd
P. 86

кеткен. Қастандықпен өлтірілген деген айып тағылып атышулы «Ералиев ісі» деген қылмыстық
            іс қозғалған. Нәтижесінде, 70 адам тұтқындалып, 61-і сотталған (9 адам тергеу кезінде түрмеде
            өлген). Алайда, КСРО Жоғарғы Сотының әскери коллегиясы 1958 жылы 8 наурызда бір жылдан
            кейін  денесі  теңізден  табылған  Ш.Ералиевтің  мүрдесіне  жасалған  медицина  сараптамасын
            негізсіз  деп  тауып,  айыпталғандарды  ақтап  шықты.  Ш.Ералиевтің    есімімен  Жаңаарқа
            ауданында селолық округ және көше аталды. Маңғыстау өңіріндегі Ш. Ералиев атындағы аудан
            мен ауылдың аты 90-шы жылдары өзгертіліп, Қарақия ауданы(орталығы Құрық) деп аталады.
                  Шәбденнің жұбайы Әлиман Тама Аташал Маңқы дегеннің қызы. Шәден мен Әлиманнан
            Кеңес, Мендеш, Рауза деген балалары туған.
                                                       Әдебиеттер:
                  Ералиев Шәбден  (1898-1928) // Жаңаарқа: энциклопедия. - Алматы: Темірқазық, 2009. –
            193-194 б.
                  Ералиев Шәбден  // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. -
            Алматы: Атамұра, 2006. – 226 б.
                  Ерімбетова  Қ.  М.  Шәбден  Ералиев.  Тарих  толқынындағы  тағдыр:  монография  (тарихи
            очерк). - Астана: Кәусар, 2017. - 174 б.
                  Жұмаділдин  А.  Ералиев  Шәбден  (1898-1928)  //  Жаңаарқа:  дерекнама  /  А.  Жұмаділдин;
            ред. Б. Әбдіғазиұлы. - Алматы: Kenje Pzess Media, 2009. - 282 б.
                                                            ***
                  Ғалым Қ. Ер есімін ұлықтаған күн // Орталық Қазақстан. - 2018. - 28 тамыз (№ 95). - 1 б.
                  Дуанбеков Ж. Тұғырлы тұлға // Орталық Қазақстан. - 2018. - 19 шілде (№ 78). - 4 б.
                  Құрмансейітов А. Жасын-ғұмыр жарқылы // Орталық Қазақстан. - 2018. - 14 маусым. - 6 б.
                  Мәмет  С.  Бүгінгіге  бағалы  өткеннің  сабағы:  [Нұртас  Оңдасынов  және  Шәбден  Ералиев
            кітаптары туралы] // Егемен Қазақстан. - 2018. - 13 ақпан (№ 30). - 7 б.
                  Мұсабеков Е. Барып қайт, балам, ауылға... // Орталық Қазақстан. - 2018. - 15 мамыр. - 1 б.

                                                          1913-1948  -  Агроном-ғалым,  ҚазКСР-інің  еңбек
                                                          сіңірген  ғылым  қайраткері  Қылыш  Бабаевтың
                                                          туғанына 110 жыл
                  Агроном-ғалым,  агрошаруашылық  ғылымының  кандидаты,  ҚазКСР-інің  еңбек  сіңірген
            ғылым қайраткері (1943 ж.). Бұқар жырау ауданның түлегі.
                  Бабаев  Қылыш  1913  жылы  Қарағанды  облысының  Ворошилов  ауданында  өмірге  келді.
            1937 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, 1937- 42 жылдары осы институтта
            ғылыми-оқытушылық  қызметте  қалды.  (ассистент,  доцент,  кафедра  меңгерушісі)  Ауыл
            шаруашылығы  ғылымының  кандидаты.  1942-48  жылдары  В.Вильямс  атындағы  жер
            шаруашылығы институтын және ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру кафедрасын қатар
            басқарды.
                  Ол республиканың ғылымы мен ауыл шаруашылығын өркендетуге, осы саланың жоғары
            білімді  мамандарын  даярлауға  үлкен  үлес  қосты.  Оның  еңбектері  республикадағы  ауыл
            шаруашылығы  өндірісін  жоспарлаудың  негізіне  алынды.  Ол  осындай  еңбектері  үшін  Ленин
            орденімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен
            марапатталды. Авиация апаты кезінде қаза тапты.
                                              Қ.Бабаев туралы әдебиеттер:
                  Бабаев  Қылыш  (1913-1948)  //Қаз  дауысты  Қазыбек  би:  энциклопедия  /  бас  ред.  Н.
            Дулатбеков. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2011. - 193 б.
                  Бабаев  Қылыш  (1913-1948)  //Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  Р.Н.
            Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. - 120 б.
                  Бабаев Қылыш (1913-1948) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А.
            Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 156 б.

                                                            ***
                  Имаш  Е.    Қылыш  Бабаевты  кім  білмейді?!:  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және
            ақпарат министрлігінің назарына // Орталық Қазақстан. - 2007. - 1 желтоқсан. - 4 б.

                                                             86
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91