Page 89 - 2023_kzd
P. 89

330  км  жерде  орналасқан.  Іргесі  колхоздастыру  кезеңінде  1926  жылы  құрылды.  Округ
            аумағында  1930-40  жылдары  Мәдениет,  Жұмыскер,  Кеңасу,  Үміт,  Бесата,  Қалмақбас
            ұжымшарлар  ұйымдастырылған.  1950  –  90  жылдары  Қызыларай  кеңшарының  және  ауылдық
            кеңесінің  орталығы.  Округ  аумағында  Қарасиыр  кен  орны  болған.  Кеңасу,  Тесіктас  таулары,
            Мамай  асуы,  мәдени  мұралар  –  балбал  тастар  бар.  Шаруашылықтың  мамандырылған  негізгі
            бағыты – қой шаруашылығы, қосымша саласы – егін шаруашылығы. Жерінің жалпы ауданы –
            256  мың  га.  Ауылда  мектеп,  ФАП,  клуб,  кітапхана,  ветиринарный  пункт,  шағын  орталық
            балабақшасы, хоккей корты, 3 - балалар алаңы, 1 – тренажер алаңы, 1- жастар паркі және басқа
            да тұрмыстық мекемелер бар. Кеңшар негізінде 54 шаруа қожалығы құрылған. Ауыл басқа елді
            мекендермен  автомобиль  жолдары  арқылы  байланысады.  Ең  жақын  Балқаш  теміржол
            станциясы 270 км.
                  Шашубай кенті. Тұрғындар саны- 2391.
                  Кент Балқаш көлінің солтүстік жағалауында, Балқаш қаласынан 7 км жерде орналасқан.
            Алғаш  балық  бригадалары  топтасып,  Шашубай  кентінің  іргетасы  1936  жылы  15  наурызда
            «Балық  аулау»  станциясы  ретінде  қаланған.  1937  жылы  Қарағанды-Балқаш  темір  жол
            құрылысы  аяқталғаннан  кейін халық  көп  топтасып,  Балқаш  мемлекеттік  балық  өндірісі  тресі
            ашылды.  1939  жылы  7  наурызда  «Рыбтрест»  поселкесі  деп  аталды.  1940  жылы  базада
            мұздатқыш салынып, Балқаш балық комбинаты құрылды. 1975 жылы желтоқсанда Қазақ КСР
            Жоғарғы  Кеңесінің  Президиумының  жарлығымен  Озерный  поселколық  кеңесі  құрылып,
            Балқаш  қалалық  кеңесіне  қараған.  1977  жылы  жаңа  Приозерный  ауданы  құрылып,  орталығы
            Озерный  поселкасы  болды.  1993  жылы  Тоқырауын  ауданы  болып  өзгертілді.  1997  жылы
            Тоқырауын ауданы таратылып, Шашубай қонысы Ақтоғай ауданы, Шашубай кенті деп аталды.
            Ұлт өкілдері: қазақ, ұйғыр, неміс, орыс, кәріс, өзбек, қырғыз, армяндар. Жерінің жалпы ауданы
            3000 га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі саласы – балық аулау. Шашубай кентінде
            мектеп,  мәдениет  үйі,  кітапхана,  ОДА,  бала-бақша,  спорт  кешені  ЖШС  фирмасы  басқа  да
            мәдени тұрмыстық мекемелер бар.
                  Жидебай ауылдық округі. Тұрғындар саны -1026
                  Ақтоғай  ауданындағы  Жидебай  селолық  округінің  орталығы  Сәуле  ауылы.  Тоқырауын
            өзенінің  бойында,  аудан  орталығының  оңтүстік  –  батысында  18  км,  Қарағанды  қаласының
            оңтүстік  –  шығысында  250  км  жерде  орналасқан.  Іргесі  1929  жылы  Оян,  Сәуле  ұйымдары
            болып  қаланған.  Селолық  округ  аумағында  Сәуле,  Киров,  Пушкин,  Тельман,  Буденный
            колхоздары  ұйымдастырылған.  1952-54  жылдары  Сәуле  машина  трактор  станциясы  (МТС)
            ашылып,  трактор  жөндеу  шеберханасы  салынды.  1968  жылы  Қоңырат  кеңшары  және  Киров
            ауылдық  кеңесінің  орталығы.  Шаруашылықтың  негізгі  бапғыттары  –  қой,  ірі  қара  өсіру,
            қосымша саласы – егін егу. Жер көлемі 142220 га. Округ елді мекендерінде Үшарал, Қарақой,
            Жалаңаш,  Көрпетай  ауылдары,  4  мектеп,  ОДА,  мед  пункт  -2,  4-клуб  үйі,  «Сарыарқа»  ұлт
            аспаптар оркестрі, кітапхана басқа да мәдени тұрмыстық мекемелер бар. Кеңшар негізінде 79
            шаруа  қожалығы  құрылған.  Округ  жерінде  «40  батыр»  археологиялық  ескерткіші,  Көрпетай,
            Жыланды, Нұртай таулары бар. Село Қарағанды – Ақтоғай тас жолы бойында орналасқан. Ең
            жақын Жарық темір жол станциясы 176 км.
                  Абай ауылдық округі. Тұрғындар саны-195
                  Қаршығалы, Қусақ өзендерінің аңғарында, Желтау тауының оңтүстік шығысында 14 км,
            аудан  орталығының  оңтүстік  шығысында  87  км,  Қарағанды  қаласының  оңтүстік  шығысында
            435 км жерде орналасқан. Ауыл ұсақ адырлы жазық жерде орналасқан. Округ аумағында 1930-
            32  жылдары  Таң,  Бидайық  колхоздары  болған.  Халқы  430  адам  (2006  ж).  1984  жылы
            Нарманбет,  Шұбартау,  Айыртас  кеңшаларынан  Абай  атындағы  кеңшар  және  ауылдық  кеңес
            болып  қүрылған.  Шаруашылықтың  мамандандырылған  негізгі  бағыты  –  қой  шаруашылығы,
            қосымша ірі қара, жылқы өсіру. Жердің жалпы ауданы 265,2 мың га. Округте Ақшкөл, Тасқын
            елді  мекендері  бар.  Ауылда  мектеп,  ФАП,  клуб,  кітапхана  басқа  да  мәдени  тұрмыстық
            мекемелер жұмыс жасайды. Кеңшар негізінде 22 шаруа қожалығы құрылған. Қазақтың тұңғыш
            физика-математика  ғылымдарының  академигі  О.Жәутіковтың  туған  жері.  Ауыл  басқа  елді



                                                             89
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94