Page 90 - 2023_kzd
P. 90

мекендермен  автомобиль  жолдары  арқылы  байланысады.  Ең  жақын  Балқаш  темір  жол
            станциясы 165 км жерде.
                  Кежек ауылдық округі. Тұрғындар саны 293
                  Кежек  селолық  округі  Нұра  өзенінің  аңғарында,  тау  етегінде,  Ақтоғай  ауданының
            солтүстік  батысында  100  км,  Қарағандының  шығысынан  оңтүстігіне  қарай  180  км  жерде
            орналасқан. Балқаш көліне құятын Тоқырауын және Шерубай-Нұра  өзендері осы өңірдегі аты
            аңызға айналған Қайдауыл-Шерукеден бастау алады. Сондықтан бұл жер «Сарыарқа белі» деп
            аталады. Тарихи аңыздарға бай жер. Іргесі колхоздастыру кезеңінде 1942 жылы Алғабас, Нұра,
            Сталин  колхоздарының  фермасы  болып  қаланды.  1975  жылы  Шет  ауданы  Ақши
            мамандандырылған  шаруашылық  бірлестігі  болып,  1979  жылы  Ақтоғай  ауданы,  Ақши
            шаруашылығы бірлестігі болып құрылды. 1995 жылдан бастап Ақтоғай ауданы, Кежек селолық
            округі  болды.  Шаруашылығының  негізгі  мамандандырылған  бағыты  –  егін  шаруашылығы,
            қосымша мал өсіру. 36 шаруа қожалығы бар. Жерінің жалпы көлемі – 85745 га. Округте мектеп,
            кітапхана,  клуб,  пошта,  АТС  басқа  да  мәдени  тұрмыстық  мекемелер  бар.  Ауыл  басқа  елді
            мекендермен  автомобиль  жолдары  арқылы  байланысады.  Ең  жақын  Жарық  теміржол
            станциясы 150 км жерде.
                  Ортадересін ауылдық округі. Тұрғындар саны- 468
                  Ортадересін  селолық  округіні  Балқаш  көлінен  5  км,  Балқаш  қаласынан  40  км,  аудан
            орталығынан 250 км, Қарағанды қаласынан 410 км жерде орналасқан. Алғашында 1928-29 ж.ж.
            ауыл  болып,  1932  жылы  Балқаш  мыс  зауытының  қосалқы  шаруашылығы  болып  қайта
            құрылған.  1971-72  жылдары  ауыл  Советінің  құрылуына  байланысты  «Балқаш»  совхозы  деп
            аталып, Приозерный ауданына, кейіннен Тоқырауын ауданына қарады. 1997 жылы Тоқырауын
            ауданы  жабылып,  Ақтоғай  ауданының  құрамына  еніп,  Ортадересін  селосы  болып  аталды.
            Округ  аумағына  Қаработа,  Бектауата  елді  мекендері  және  Ақжайдақ,  Ортадересін  теміржол
            станциялары кіреді. Бектау ата тауы орналасқан. Жерінің жалпы ауданы – 162442 га. Округте
            29 шаруа қожалығы, 2 ЖШС бар. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыты – сүтті
            ірі  қара  өсіру,  қосымша  саласы  –  қой  шаруашылығы,  балық  аулау  кәсібі.  Округ  бойынша
            мектеп,  ФАП,  мәдениет  үйі,  кітапхана,  АТС  бар.  Ауыл  басқа  елді  мекендермен  автомобиль
            және темір жолдары арқылы байланысады.
                  Нарманбет ауылдық округі. Тұрғындар саны-546
                  Жаңаорталық  ауыл,  Қарабұлақ  селолық  округінің  орталығы.  Аудан  орталығының
            оңтүстігінде 110 км, Балқаш қаласынан 100 км жерде, Балқаш – Ақтоғай тас жолының бойында
            орналасқан.  Селолық  округ  территориясын  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  Тоқырауын,  Саға
            өзендері  басып  өтеді.  Іргесі  1931  жылы  колхоздастыру  кезінде  қаланған.  1953  жылы  ұсақ
            колхоздар ірілендіріліп,  «Сталин» колхозына бірікті. 1962 жылы Сталин аты өзгертіліп, ХХІІ
            партсьезд кеңшары деп аталды. 1992 жылы Нарманбет кеңшары болып өзгертілді. 1995 жылы
            Жаңаорталық  ауылы  деп  аталды.  Жалпы  жер  аумағы  253282  га.  Шаруашылықтың
            мамандандырылыған  негізгі  бағыты  –  мал  шаруашылығы,  қосымша  –  бау-бақша  өсіру.  89
            шаруа қожалығы бар. Округтің елді мекендерінде (Жаңаорталық, Қарасу, Дуанши ауылдары)
            клуб,  кітапхана,  1  мектеп,  ОДА,  пошта,  байланыс  бөлімшесі  басқа  да  мәдени  тұрмыстық
            мекемелер  бар.  Селолық  округ  аумағынан  «Атасу  –  Алашанкоу»  мұнай  құбыры  өтеді.  Ауыл
            басқа  елді  мекендермен  автомобиль  жолдары  арқылы  байланысады.  Ең  жақын  Балқаш  темір
            жол станциясы 100 км жерде.
                  Қусақ ауылдық округі. Тұрғындар саны-435
                  Қусақ селолық округі Қусақ өзенінің бойында, аудан орталығының оңтүстік – шығысында
            130  км,  Қарағанды  қаласының  шығысында  380  км  жерде  орналасқан.  Іргесі  колхоздастыру
            кезінде  1933  жылы  қаланған.  1936  жылы  Таң,  Молотов,  Береке,  Қопа  колхоздары
            ұйымдастырылып,  атқарушы  орган  Қусақ  селолық  Кеңесіне  қараған.  1951  жылы  колхоз-
            артелдер  біріктіріліп  Бидайық  колхозы,  1963  жылдан  Шұбартау  кеңшары  болып
            ұйымдастырылды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі  бағыты  – қой шаруашылығы,
            қосымша  –  еттік  ірі  қара,  жылқы  өсіру.  Жерінің  жалпы  аумағы  192539  га.  Селолық  округте
            мектеп, ОДА, клуб, кітапхана бар. Кеңшар негізінде 26 шаруа қожалығы бар. Ауыл басқа елді

                                                             90
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95