Page 91 - 2023_kzd
P. 91

мекендермен  автомобиль  жолдары  арқылы  байланысады.  Ең  жақын  Балқаш  темір  жол
            станциясы  210  шақырым  жерде.  2000  жылдан  «АБС  Балқаш»  тау-кен  компаниясының
            «Еңбекшіл» алтын кен орны жұмыс істейді.
                  Айыртас ауылдық округі. Тұрғындар саны- 183
                  Айыртас селолық округі Қарағанды қаласынан 430 км жерде, Айыртас тауының етегінде
            орналасқан.  Округ  1932  жылға  дейін  Семей  облысы,  Шұбартау  ауданына  қарап,  орталығы
            Өгізтау  (қазір  қыстақ)  болған.  Іргесі  1965  жылы  қаланған.  Айыртас  кеңшары,  ауылдық
            кеңесінің орталығы болған. Шаруашылығының негізгі бағыты – қой шаруашылығы, қосымша
            саласы жылқы, ірі қара өсіру. Кеңшар негізінде 1995 жылы 21 шаруа қожалықтары құрылды.
            Жерінің жалпы ауданы 308675 га. Округте Еспе өзені, Ойран, Ешкіөлмес, Тазқызыл, Күлқора,
            Долағай, Желдіқара таулары, Жорға, Жауыр тарихи орындары бар. ФАП, клуб, почта басқа да
            мәдени тұрмыстық мекемелер бар.
                  Қараменде би ауылдық округіне қарасты Ақтас ауылы. Тұрғындар саны- 235
                  Қарамеңде би ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылы. Тұрғындар саны 210.

                  Қараменде би селолық округі Ақтас өзенінің аңғарында, Қызылшоқы тауының етегінде,
            аудан  орталығының  солтүстік  шығысында  45  км,  Қарағандының  шығысында  290  км  жерде
            орналасқан.  Іргетасы  1982  жылы  Еңбек  совхозы  болып  қаланды.  Шаруашылықтың  негізгі
            бағыты – ірі қара өсіру, егін шаруашылығы. Жерінің жалпы ауданы 147 мың га. Округтің елді
            мекендерінде Қуаныш, Ыстыбұлақ, Ақтас ауылдары, 1 мектеп, ФАП, 2 клуб, кітапхана басқа да
            мәдени  тұрмыстық  мекемелер  бар.  Кеңшар  негізінде  38  шаруа  қожалығы  құрылған.  Округ
            көлемінде  Берікқара ескі кен орны бар. Округ жерінде атақты ақын Кенішбай Жұбандықұлы,
            қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш заң магистрі Жақып Ақбай, Социалистік Еңбек Ері Сатибек
            Ыбыраев, филология ғылымдарының докторы, профессор Әсет Болғанбаев, заң ғылымдарының
            докторы,  академик  Төкіжан  Ағдарбеков,  белгілі  ақын-аудармашы  Жеңіс  Қашқынов,  халық
            емшісі, араб тілінің терең білгірі Нығыметолла Шайқыұлы туған. Ауыл басқа елді мекендермен
            автомобиль  жолдары  арқылы  байланысады.  Ең  жақын  Балқаш  теміржол  станциясы  240  км
            жерде.
                  Тораңғылық ауылдық округі. Тұрғындар саны-317
                  Тораңғалық  селолық  округінің  орталығы  Балқаш  көлінің  жағасында,  аудан  орталығы
            Ақтоғайдың оңтүстік шығысында 245 км, Балқаш қаласының солтүстік батысында 25 км жерде
            орналасқан. Іргетасы Балқаш мыс зауытының қосалқы шаруашылығы ретінде бау-бақша салып,
            сиыр сүтін өндіріп, шошқа, құс өндіру үшін 1937 жылы қаланған. Көпұлтты, 11 ұлт өкілдері
            тұрады. 1968 жылы Балқаш құс фабрикасы ашылып, 1998 жылы жекешелендірілген. 1977 жылы
            Тораңғалық  селолық  совет  атқару  комитеті  құрылған.  Тораңғы  ағашының  көп  өсуіне  сай
            Тораңғалық  деп  аталған.  Селолық  округ  бұрын  Тоқырауын  ауданына  қараған.  1997  жылы
            Жезқазған  облысының  тарауына  байланысты  Ақтоғай  ауданына  қосылды.  Шаруашылықтың
            негізгі  бағыты  –  балық  аулау,  көкеніс,  құс  өсіру,  қосымша  –  сүтті  ірі  қара,  шошқа  өсіру.
            Жерінің жалпы аумағы – 3405 га. Округте  мектеп, ФАП, клуб, кітапхана, 14 демалыс орны, 20
            шаруа қожалығы құрылған «Балқашқұс» ЖШС, АТС, АЗС, пошта басқа да мәдени – тұрмыстық
            мекемлер  бар.  Ауыл  басқа  елді  мекендермен  автомобиль  жолдары  арқылы  байланысады.  Ең
            жақын Балқаш темір жол станциясы 23 км жерде.
                  Тасарал ауылдық  округі: Тұрғындар саны- 502
                  Тасарал  селолық  округінің  орталығы  Балқаш  көлінің  сол  жақ  жағалауында,  Балқаш
            қаласының батысында 115 км жерде орналасқан. Іргетасы 1928 жылы артель болып қаланған.
            1930-жылдары  ірілендіріліп  «Қызыл  қазақ»  балық  аулау  колхозы  ұйымдастырылған,  1960
            жылдары «Октябрьдің 50 жылдығы» деп аталды. 1942 жылы тұз өндіру артелі құрылған. 60-90
            жылдары «Октябрьдің 50 жылдығы» колхозының және ауылдық кеңестің орталығы, 1997 жылы
            Ағыбай  батыр  атындағы  балық  аулау  өндіру  кооперативі  болды.  Бүгінде  «Ағыбай  батыр»
            фирмасы.  Шаруашылықтың  негізгі  бағыты  –  балық  аулау,  қосымша  саласы  –  түйе,  жылқы
            өсіру.  Жерінің  жалпы  ауданы  –  32,0  мың  га.  Округтің  елді  мекенінде  мектеп,  ФАП,  клуб,
            кітапхана басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Округтің негізінде 14 шаруа қожалығы

                                                             91
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96