Page 88 - 2023_kzd
P. 88

Қарағанды, Балқаш қаларымен, Қызыларай, Қараменде би селолық окургтерімен көтерме
            тас жолы арқылы қатынасады. Ең жақын Жарық темір жол станциясы 190 км жерде.
                  Ақтоғай  ауданы  құрамын  15-  ауыл  және  2  кент  құрайды:  Сарытерек,Нүркен,  Ақжарық,
            Шабанбай  би,Жидебай, Абай, Кежек, Ортадересін, Нарманбет, Қусақ, Айыртас, Қараменде би
            Ақтас, Торанғылық, Тасарал,  Қараменде би Қуаныш ауылдары ,Шашубай, Сарышаған кенті.
                  Нүркен ауылдық округі. Тұрғындар саны -533
                  Жамшы  өзенінң  бойында  аудан  орталығының  оңтүстік-батысында  45  км,  Қарағанды
            қаласының оңтүстігінде 300 км жерде орналасқан. Іргесі колхоздастыру кезеңінде 1936 жылы
            қаланған.  (2006  ж).  1930  жылы  округ  аумағында  Жамшы,  Бірлестік,  Қоңырат,  Жамбыл,
            Калинин  колхоздары  ұйымдастырылған.  1960-1973  жылдары  Ақтоғай  және  Қоңырат
            совхоздарының құрамына енгізілген, 1973 жылы жаңадан Жамшы совхозы ұйымдастырылған.
            Округ  жерінде  Жамшы,  Қаратал,  Түлкілі  өзендері,  Қызылтас,  Жалпаққайың,  Сораң,  Айдай-
            Қира,  Қосшоқы,  Ұрыңқай,  Имек  таулары  бар.  Ақсай  уран  кен  орны  жұмыс  жасаған.
            Шаруашылығының  мамандандырылған  негізгі  бағыты  –  Қазақстан  бойынша  асылтұқымды
            дегерес қойы, қосымша ірі қара, жылқы өсіріледі. 82 шаруа қожалығы құрылған Округтің елді
            мекендерінде 2 мектеп, ФАП, клуб, кітапхана басқа да мәдени тұрмыстық мекемелер бар. Ауыл
            басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.
                  Шабанбай би ауылдық округі. Тұрғындар саны-560
                  Қаратал өзенінің бойында, Ақсораң тауының (биіктігі 1565м) етегінде, аудан орталығы –
            Ақтоғай  селосының  оңтүстік  шығысында  45км,  Қарағандының  оңтүстігінде  350км  жерде
            орналасқан. Іргесі колхоздастыру кезіңінде 1930 жылдардан бері 5-ші желтоқсан, Ұлы Октябрь,
            Ақтұмсық  қолхоздары  ұйымдастырылған.  1963-1991  жылдары  Қаратал  кеңшары  және
            Амангелді  ауылдық  кеңесінің  орталығы.  Шаруашылықтың  мамандандырылған  негізі  бағыты-
            қой шаруашылығы, жылқы және ірі қара өсіру болды. Жерінің жалпы аумағы 350 мың га. Округ
            аумағында Қаратал, Қасабай Жіңішке өзендері Қараша, Тарасу, Балапан, Тоғызбай, Үшқатты,
            Қарасораң, Қызылсораң, Құлжа, Керегетас таулары бар. Бұрынғы Қарашоқы алтын, Ақсай мыс,
            Молдашілік  кен  орындары  Бесбатыр  су  қоймасы  болған.  Округтің  елді  мекендері-Өндіріс,
            Бегазы,  Керегетас,  Сона.  Ауылды  1  мектеп,  ОДА,  ФАП,  клуб  үйі,  «Шалқар»  халық  театры,
            кітапхана  басқа  да  мәдени-тұрмыстық  мекемелер  бар.  Кеңшар  негізінде  69  шаруа  қожалығы
            құрылған.  Біздің  заманымыздан  бұрынғы  VIII-IX  ғасырлардың  белгілі  Бегазы-Дәндібай
            мәдениеті, Ә.Бөкейханның ата-анасы жерленген Талдыбейіт қорымы бар. Қазақстан Үкіметінің
            жалпы қазақ Ұлттық кеңесінің торағасы Ә.Бөкейханов, қазақтың сұңғыла шешені Шабанбай би
            (1754-1839) атақты емші, көріпкел Әнипа Әбілтай қызы, алғашқы мұғалім Б.Қабыкеев, суретші
            Сахи Романов, ғалым  докторлары  Г.Жүнусова, Ж.Смағұловтардың   туып өскен  жері.  Күйші
            Аққыз Ахметқызы тұрған.
                  Сарытерек ауылдық округі. Тұрғындар саны- 630
                  Аудан орталығынан оңтүстік шығысқа 42 км, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 180 км
            жерде,  Тоқырауын  өзенінің  оңтүстік  –  батыс  жағалауында,  Балқаш  -  Ақтоғай  жолының
            бойында орналасқан. Атақты «Ақбидайдың»  отаны.
                  Іргетасы  Сарытерек  селолық  Кеңесі  болып  1928  жылы  қаланған.  Бұрынғы  Каганович,
            Ленин, Үшөзен, Сарыши, Сарытерек колхоздарының негізінде 1950 жылы ірілендірілген Ленин
            колхозы  болды.  1963  жылы  Ақтоғай  совхозы  болып  қайта  құрылды.  1995  жылы  кеңшар
            негізінде 69 шаруа қожалығы құрылған. Шаруашылығының мамандандырылған негізгі бағыты
            –  мал  шаруашылығы.  Желтау  тауында  Қарабауыр,  Тойғанбай  қыстақтарының  маңайында
            таңбалы  тастар  салынған.  Елді  мекендерінде  (Жетімшоқы,  Ақтұмсық,  Кенелі  ауылдары)
            мектеп, клуб, кітапхана, ФАП басқа да мәдени - тұрмыстық мекемелер жұмыс жасайды. Округ
            аймағында  Желтау  тауы,  Абылай  Жартас  Сана  би  мазары,  Сеңгірбай  батыр  мазары,  Кенелі-
            Майтас  кен  орыны  бар.  Атақты  суырпсалма  айтыскер  ақын  Шөже  Қаржаубайұлының
            жерленген жеріне ескерткіш тақта орнатылған.
                  Қызыларай ауылдық округ. Тұрғындар саны-700
                  Орталық  Қазақстанның  ең  биік  тауы  Ақсораңның  (1665м)  етегінде,  аудан  орталығы  –
            Ақтоғай селосының солтүстік шығысында 60 км, Қарағанды қаласының оңтүстік шығысында

                                                             88
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93