Page 155 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 155
Өткен бір сонау күндері,
Шапқанда байлар көмірін
Жарымай асқа жүргені.
Бүгінде міне жасарған,
Қызық өмір сүргені.
Алыңдар үлгі адамнан
Соқ қайланы, қарышта,
Біріңнен бірің қалыспа!
Шықпаса даңқ еңбекпен
Табысың тапқан табыс па?
Ел сенімін ақтаған,
Әділдікті жақтаған,
Қиянатқа баспаған
Қойтасбайдың баласы
Атағы кетті-ау алысқа.
Құтты болсын айтамыз
Депутат болып сайландың,
Еңбек ет адал, халыққа!
ҒАСЫР ІЛІМІҢНЕН СУСЫНДАНАР 185
Ілімің нұрлы күн боп жер бетіне,
Жарасқан зор даналық келбетіңе.
Отанға құйған сәулең ортамыздан
Тараған жарқын таңды Ленин дана.
Бүгінде өмір жаңа, елім жаңа,
Барады бізді бастап жеңістерге.
Өзіңнің Компартияң жолы сара.
Сарқылмас қуат алып томдарыңнан,
Адал жан тастамайды қолдарынан,
Сіздің жол жарқын, күшті, кең де, ұзақ
Әлемнің барлық басқа жолдарынан.
Сол жолда ізгі адамзат бақыт табар.
Ғасырлар іліміңнен сусынданар.
Күн болып туған данам жер шарына,
Мәңгілік замандарға нұрың тарар.
ЖАҢА ҚАЛА ЖАЙНАҒАН 18 6
Жаңа қала жайнаған,
Табыс көзі қайнаған,
Шахтерлердің мекені: