Page 121 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 121
Испан мен Қытайдағы бауырласқа
Жолдайды достық сәлем еңбекші елім.
ҚОШ, ҚЫЗЫМ 134
Аспанды жеңген Полина*.
Суырған жердің танабын.
Ел бағы үшін ер болып,
Туған қыз ең, қарағым.
Сұңқар жетпес қияға
Тиген сенің тұяғың.
Сен аспаған құздар жоқ,
Сен баспаған мұздар жоқ,
Жеңгіштердің жеңгіші ең
Сұңқардан да қырағым.
Сенің батыл ерлігің
Қанат жалғап жырыма,
Домбыраның құлағын
Мен де тынбай бұрадым,
Ерлігіңді дәріптеп
Талай рет ағыздым
Жырдың тұнық бұлағын.
Сөйткен қызым Полина
«Қайтыс болды» дегенді
Естігенде құлағым,
Ақшыл тартқан сақалым
Жанарымның жасымен
Күні бойы жуылды
Ойлап сені, шырағым.
Қош, қош, жаным, қымбаттым!
Көлге біткен құрағым,
Батырлардың батыры
Сенің бейнең Доскейден
Тербер жырдың құнарын.
БІР КЕЗДЕ, ҚАЛҚАТАЙЫМ,
ҚАНДАЙ БОЛДЫҢ 13 5
Бір кезде, қалқатайым-ау-у-у,
Қандай болдың-ау-у-у,
* Полина Расковаға арнайды.