Page 120 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 120
ҚАРАҒАНДЫ 13 2
Қара алтын Қарағанды көмір кені,
Мәңгілік адамзаттың өмір кені,
Қияннан қия шауып қисын тапқан
Түсіптей даңқы шыққан көп ерлері.
От пен ток денесіне қуат берген,
Машина жер астында дөңгеленді.
Темір жол Балқаш пенен екі арада
Түйіскен екі жолдың егіз кені.
Өрлетіп ұлдарымды ұлы еңбекке
Жұрт сүйсініп — ой, пәле-ай! дегізгенді.
Ақша көп, тамағы мол, тұрмыс жақсы,
Жемісті жеңген елге жегізгенді.
Алдыңда ағаң батыр Стаханов,
Әдісін үйреніңдер елдің ері.
Түсіптей асып туған батыр түлек,
Шарықтап қыран құстай күнге өрледі.
Қазаны ұлы еңбектің өмір бағы
Ісіңді сенің үлгі кім демеді.
Сәлемін жолдап саған колхозшы елдің,
Менің де отты өлеңім нәр себеді.
ТЕҢІЗДЕ — ҚЫЗЫЛ ФЛОТ,
Ж Е Р Д Е — ТАНК133
Теңізде — қызыл флот, жерде — танк,
Айтуға есебі жоқ ұшы-қиырын.
Солтүстік полюсті де жеңіп шығып,
Орнатты ол жерде де совет туын.
Қан құмар агрессордың біріне де,
Бастырмас біздің әскер совет жерін.
Қорғайды армиямыз елін мәңгі
Даңқты жау жүректі ардақты ерім.
Соқтықса, соққыменен жауап берем,
Тілейміз бірақ елдің тыныштығын.
Құрал мол, қырағым бар, ерлерім көп,
Қастығы қолдан келмес бізге ешкімнің.
Табысты жиырма жылды қуанышпен
Құрметтеп қарсы алады өскен елің.
120