Page 119 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 119
Он басы, елу басы ебелектеп,
Пасықтар атқа мінер жүр дедектеп.
Ысылған старшындар желбек қақты,
Көз қысып көрінгенге «не керек?»—деп.
Шарқ ұрды кекірт ояз түсі суық,
Жанына бара алмады ешкім жуық,
Ақырда жеме-жемге келген кезде
Айқасты бақ күндестер жанжал туып.
Сайлауда егескен жақ ұрандасты,
Қол сынып, бас жарысты, таңба басты.
Тартысқан шонжарлардың таласынан
Момындар жазығы жоқ қан жыласты.
Қираған қыспақ заман қайтып келмес
Көргенін көрге кірген айтып бермес.
Бүгінгі біздің заңдай айқын әділ,
Ешбір заң дүниеге келген емес.
Достасқан ел арасы болат арқан
Өнерлі, өнегелі жұртым дарқан.
Ерікті болғандықтан жөнге салып
Біз міндік шу асауды талай тарпаң.
Халық үшін еңбек еткен ердің ерін,
Жеңісте жеке көзге түскендерін
Даңқты ұл-қызыңның ішіндегі
Сайлауға сүйіктісін ұсын, елім!
БҮРЫНҒЫДАЙ ГАЗЫ ЖОҚ
ҚОЛҚАНЫ АТҚАН 131
Бұрынғыдай газы жоқ қолқаны атқан,
Сол сияқты сазы жоқ белден батқан.
Шахта іші жап-жарық күндізгідей,
Көтеріңкі көңілің рақат тапқан.
Ер шахтерді көресін көмір шапқан,
Әрбір күнде жүз-жүзден ақша тапқан.
Мың-мың тонна күніне Отанға деп,
Қарағандым күніне беріп жатқан.