Page 118 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 118
Жаңа заман советтерге нұр шашқанда.
Жерім бай, елім еркін жасап отыр,
Мемлекет болып бүгін Казстанда*.
Көп өмір өтті босқа жасымдағы
Меңіреу сонда осы ми басымдағы.
Ширығып шындық айтса әлде біреу,
Қанының айдан анық шашылмағы.
Сол өмір бордай тозып бор шалынды,
Туғанда Октябрьдей жарық таңы.
Табысым тізбектеліп бекіп отыр,
Бекітті қол жеткенді елім заңы.
Ішіндегі Қарағанды көмір кенін,
Жасарып шаттық қызық мен де көрдім,
Сәулетті қызыл бұрыш, клубтар бар
Табысыма айғағым киноларым,
Бұл күнде үйден естіп Мәскеу тілін,
Жеткізді көсем сөзін, нүктелерін,
Одақтас Қазакстан Республика —
Он бірдің қатардағы біріндемін.
Жаңа заң қауымменен қабылданып,
Шалқып, толып тасулы халқым менің.
Өткен күн мұнарланған көрген түстей,
Қызықты қуанышта бүгін елім,
Күрмелген тіл шешіліп Ілиястің,
Думан ғып дулатады жүрген жерін.
АРАСЫ ЕСКІ, ЖАҢА ЖЕР
МЕН КӨКТЕЙ 130
Арасы ескі, жаңа жер мен көктей
Күйдірген кең даланы қалың өрттей.
Кер заман алдақашан күйрегенмен,
Дағы бар жүрегімде қалған кетпей.
Қалың ел қанаттасып жайлау келді,
Жайлауда шар салатын сайлау келді.
Бай мен бек елді жеуге әккі болған,
Не қулық, не сұмдықты сайлай берді.
Қаныққан қашаннан-ақ жұртты жалмап,
Сұрқия ант ұрғандар алдап-арбап,
Алуға елдің аузын жалақтады,
Сайлаудың қарсаңында жанын жалдап.
* Қазақстанда деген сөз.