Page 116 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 116

Бізге  әперген  шын  бақытты  өмірді
                         Еркіндікті,  жарқын  жүзді  көңілді.
                         Партияға,   ұлы  Отанға  рахмет!
                         Біз  айтамыз  қазған  сайын  көмірді.







                                    ЕЛАМАНҒА  125
                           Қараңғы   қазақ   қамалған
                           Құйындай   өтті  ол  заман.
                           Нашар   таптың  баласы —
                           Бүгінде  ерім  Еламан.
                           Болды  ол,  міне,  машинист
                           Айдайтын  оны  кідіртпей,
                           Жоспарды   артық  орындап,
                           Алға  шықты   мүдіртпей.






                              АЛТЫНДЫ    ҚАРАҒАНДЫМ,
                                  ДАҢҚЫҢ   АРТТЫ 126

                        Алтынды   Қарағандым,   даңқың   артты,
                        Атағың   бар  әлемді  таңырқатты,
                         Келтірген  Арқа  сәнін  сен  бір  бақсың,
                         Қажетті  адам  үшін  жасап  затты.
                        Айдынды    атағың  бар  әлемге  әйгі,
                        Тігілген  басың  үшін  талай  бәйгі,
                        Түсында   билеп  түрған  ағылшындар
                         Білеміз  талай  сүмдық  қиын  жайды.

                        Еді  олар  айуандар  ардан  безген,
                        Мал   іздеп  дүниені  тынбай  кезген,
                        Тойым   жоқ,   қанағатсыз   қорқау   қасқыр
                        Халықты   қансырата  жаншып   езген.

                        Ұмытпа,   үрім  бұтақ  жұрағатым,
                        Болыңдар   мейірімсіз  қылдым  хатым*.
                        Зұлымның    жаралағыш   жас  жандарды
                        Бетінен  тарихтың  өшір  атын!

            *  Бұл  жерде  жар  салу  мағынасында.
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121