Page 117 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 117
ҚАРАЙМЫН ҚАРАҒАНДЫ
ҚАЛАСЫНА 127
Қараймын Қарағанды қаласына,
Гүлденген ұлан байтақ даласына,
Шашылған алтын нүры Октябрьдің
Жерінің ойы-қыры саласына.
Талай жыл бұдан бұрын дала болды,
Бұл күнде салтанатты қала болды,
Ерлерім қара жердің қойнын ашқан
Елімде ең сүйікті адам болды.
Жалықпан сонда дағы қарауға мен,
Таусылмас ел мұрасы қойнында кен.
Келе алмас шенімізге капитал ел,
Достарым, күмәнданба, оған да сен.
ҚАРАСАМ САЛТАНАТТЫ
ӨЗ ҚАЛАМА 128
Қарасам салтанатты өз қалама,
Еңбектің ұлан-байтақ күйін шерткен.
Кешегі тағылықтың мекенінде
Көмірлі сәнді қала түр хұрметпен.
Зор гудок жаршысындай ұлы еңбектің,
Сәріден шахтамызда күй тербетке,н.
Қазақ, орыс, украин тағы басқа ұлт
Достықтың құндағында бірге ержеткен.
ЖАҢА ЗАҢ 129
Күн көрдім, шырқап үнім қарт басқанда
Бұлбұл боп тіл сайрады тісті ашқанда.
Мен бүгін ақын болдым зор дауысты,
Айғайым әлем түгіл шықты аспанға.
Жаңа заң кеудемді ашты, әнім өрлеп,
Қайнады қажыры қарт күш тасқанда.
Бетінде ақ қағаздың бәйгі атындай,
Зырлады қол мен қалам айқасқанда.
Ерім тең, правом мол, жеткен елмін,
Ұраны жер жүзілік ұштасқанда,
Телегей-теңіз шаттық, ұлы Отандық