Page 99 - Сборник эссе
P. 99
тікті. Бұл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған
екен. Рақымжан Қошқарбаевқа «Жауынгерлік Қызыл
Ту» ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті. «1
дәрежелі Отан соғысы» ордендері, «Берлинді алғаны
үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдары-
мен марапатталған. Отан Халық қаһарманы атағы
Р.Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді. Ал Рақымжан ата-
мыз 1988 жылы дүниеден өткен еді.Өкінішті, осындай
сәтте әттеген – ай Рақымжан атамыз өзінің Халық
қаһарманы екенін білмей де кетті.
Бауыржан Момышұлы-екінші дүниежүзілік
соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы,
қазақтың көрнекті жазушысы.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Ба-
уыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың
басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған
316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға
аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін
атқарады. Бауыржан Момышұлы ұрыс жүргізу тео-
риясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың
және оны дамытушылардың бірі болды.
Мәншүк Маметова-қазақтың қаһарман қызы,
Кеңес Одағының Батыры. Ол 1942 жылы өзі сұранып
майданға кетті, 21-атқыштар дивизиясында болды.
Алғашқы күннен-ақ қаруластарын қайсарлығымен,
ержүрек батылдығымен қайран қалдырды. Не-
вель қаласын қорғау кезінде Мәншүк ақырғы оғы
таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза
тапты.
Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Ба-
тыры Әлия Молдағұлова 1942 жылы өз еркімен
майданға аттанып, 1943 жылы маусымда 2-Прибал-
тика майданының 26-атқыштар дивизиясы құрамына
түсті. Ефрейтор шенінде өз дивизиясымен барлық ірі-
ірі айқастарға қатысып, нағыз мергендігімен танылды.
1944 жылы Новосокольники стансасы маңындағы ауыл
маңындағы шайқаста Әлия қаһармандықпен қаза тап-
98