Page 95 - Сборник эссе
P. 95
ерліктерінің арқасында Қазақсатан деген атпен дер-
бес мемлекет құрылды. Дәл сол дербес мемлеке-
те қазақ деген ұлт қалыптасты. Дәл сол мемлекетте
қазір біз отанымыздың ұландары,қазақ халқы бейбіт
өмір сүріп жатырмыз. Әрине,оның барлығы жүрек
жұтқан жауынгерлеріміздің арқасында. Айтылғанына
да, айтылмай қалғандарының алдында да бас иеміз,
тіпті мың рет иілсек те артық емес. Ақтық демдері
қалғанша күрескендері үшін мың алғыс айтамыз. Ұлы
Отан соғысында қатысқан барлық қандастарымыздың
алдында тағзым етеміз. Біз өз еліміздің ұландары сол
жасаған ерліктерді тарих бетінде мәңгі сақтауымыз
қажет.Өскелең ұрпақты сол батырлар секілді жаужүрек
болуға тәрбиелеп,Отанға деген сүйіспеншілік жалын
отын сөндірмеуге тиіспіз.Тәуелсіздік туын желбіретіп,
бірлік пен татулықты ұштастыра отыра еліміздің,
халқымыздың мықты екендігін бар әлемге жария етуге
тиіспіз. Біз біргеміз...Отан үшін мен жанбасам лапыл-
дап, сен жанбасаң лапылдап, кім жанады лапылдап!?
Айгул ЕРУБАЕВА
Соғыс туралы әлі бәрі айтылған жоқ,
Естімеген хикая айқыннан көп.
Жер жастанған елі үшін батырларға,
Айта алмаймыз енді артқа қайтыңдар деп...
Автордан
Ол кезде мен бала едім. Ауылда тұрамыз. Ауыл
халқы қарапайым, ақкөңіл келеді ғой әуелден. Қаз
қатар тігілген ақ үйлер, маңыраған қозылар, мөңіреген
бұзаулар, бәрі-бәріне сүйсіне қараушы едім. Кеш бат-
са көше балаларымен улап-шулап ойнаушы едік. Бірақ
менің бір қорқынышым болатын. Ол көрші - Құрмет
ата. Жары өте жақсы адам. Үмітай әже әрқашан бала
көрсе еміреніп тұратын, бар ақ тілегін жаудырып,
айналып-толғанып кететін.
94