Page 96 - Сборник эссе
P. 96

Мен  далаға  ойнауға  шықсам  болды,  әлгі  Құрмет
            ата, мені қуа жөнелетін. Иә, иә, үлкен қарияның қуа
            жөнелгені қызық естілетін шығар, бірақ дәл солай бо-
            латын. – Қазір мен сенің құлағыңды кесейін,- дейтінін
            қайтесің тағы. Жанұшыра қашатын едім, бірінші сы-
            нып оқитын кезім, жүгірсем жүгірісім өнбейтін, үйіме
            жеткенше  ағыл-тегіл  жылап,  ақтер-көктер  болатын
            едім. Зып етіп  үйге кіремінде, әжемнің қойнына кіріп
            кетем.
                 Қашқан      кездерімде,     бірде-бір    рет    артыма
            қарамаппын.  Ол  кісі  де  ешқашан  үйге  дейін  келген
            емес. Алды –артыма қарамастан қашатыным соншалық,
            артымнан  келе  жатыр  ма,  жоқ  па  қарамайтынмын.
            Мүмкін қумағанда шығар. Ішімнен ойлайтын едім, осы
            ата неге мені қуа береді, не жаздым деп...
                 Көп  өтпей  біз  ауылдан  көшіп  кеттік.  Қатты
            қуанғаным, атадан құтылғаным. Бірақ сол сұрақ көпке
            дейін  есімнен  кетпеді,  тіпті  түсіме  кірген  кездеріде
            болды.
                 Арада  жылдар  өтті.  Бойжеттім,  тұрмыс  құрдым,
            ұлды  болдым.  Бір  қызығы,  бір  күні  дүкенге  бара
            жатқан кезімде, әжептеуір егде тартқан, жүрісі баяу,
            ақ жаулықты әже шықты алдымнан. Абдырап қалдым.
            Үмітай әже. Талай жылдар өтседе, мені бірден таны-
            ды. Мен ауылдан кеткенде, 6 жаста едім.
                 Содан әже екеуіміз біраз шүйіркелестік. Ол кісі:
                 -  Қарағым, қалың қалай? Ата-анаң аман ба?
                 -  Ағаң бар еді ғой , үйленді ме?
                 -  Өзің не бітіріп жүрсің?,- деген сынды сұрақтардың
            астына алды. Менде барынша ағымнан жарылып жау-
            ап бердім. Біраз әңгімелестік. Әбден болған соң, талай
            жылғы  сұрағым,  балалық  қорқынышымның  сауалын
            қойдым:
                 -  Әже, сол кезде неге мені ата қуатын еді? Неге
            қаншама  баланың ішінен мені таңдайды? ,-дедім.
                 Сөйтсем , әже:
                 -  Қарағым-ау  сен  әлі  ұмытпағанбысың,  -  деп


                                          95
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101