Page 94 - Сборник эссе
P. 94
мәңгі сақталады.Сол батырлаға талай ескерткіштер
орнатылды. Олардың бірі Қарағанды қаласында 28
панфиловшылар саябағында 1975 жылы орнатылған
«Даңқ мемориалы» ескерткіші.Және Кеңес Одағы ба-
тыры Нүркен Әбдіровке қойылған республикалық
деңгейдегі маңызды ескерткіш. Ол ескерткіште
Н.Әбдіровтың штурвалда тұрғаны бейнеленген .Осын-
дай ескерткіштердің мыңын қойсақта артық етпес.
Бұл ескерткіштерді әр көрген сайын адам жүрегінде
патриотизм сезімін оятады. Мен осындай батыр
адамдардың ұрпағымын деген мақтаныш сезім адам
бойын мақтаншақтық сезімге бағыттайды. Мейлі мені
мақтаншақ десін, бірақ мен осындай батыр,ержүрек
адамдардың жерінде туылғаныма мақтанамын және
оларды үлгі тұтамын, өскелең ұрпақ сондай тәрбие
алғанын қалаймын.
Әрине, соғыс жайлы барлығы айтылмаған.Соғыстың
қанша қатал болғандығын сол жерде ерлік көрсеткен
қазақ жауынгерлері мен сол тұста өмір сүрген адам-
дар өте жақсы біледі, ол жерде болмаған адамға сол
жауынгерлердің бойындағы сезімді бастан кешіру мүмкін
емес. Жау қолына түскен ауыл бойындағы тұрғындар,
іңгәләп жылаған бейкүнә сәби дауысы,барлауға ба-
рып ұсталып қалған қазақ жауынгерлері,саяси қуғын-
сүргінге ұшырағандар,олардың ешбірін ешкім еш
уақытта аяған емес. Тіпті жау қолына түскен адамдарды
аш қалдырып,олардың айтқаны бойынша әрекет жаса-
уын талап етіп, аштан аш қамап ұстап қырып жойды.
Үздіксіз соғыстан қалжыраған қазақ батырлары ақтық
демдері қалғанша күресті. Қалжырап,жараланған жау-
ынгерлерлер жарасының жазылғанын күтер күтпестен
қаны таусылғанша ,соңғы дәрменіне дейін атысып ер-
кек тоқты құрбандық деп ерлікпен қаза тапты. Әбден
әлсіреген қазақ жауынгерлері соңғы күштерін жинап
болашақ байтақ ел үшін күресті, бірақ қорқыныштары
да жоқ емес.Сол ерлік істері 9 мамыр Жеңіс күнінде
ақталды.Соғысқа қатысқан барлық қандастарымыздың
93