Page 97 - Сборник эссе
P. 97

әжеге сай, риясыз күлкімен күлді. - Атаң, Ұлы Отан
            соғысының  ардагері,  осыншама  жыл  ғұмырымызда
            бір  шәй  десіп  көрмедік,  жарықтық  нағыз  ер  азамат
            еді,-  деп  еске  алып  алды.  -Өте  балажан  еді,  сенің
            қорқатыныңды  біліп,  әдейі  қуатын  еді.  Сенің  сол
            қылығыңды қызық көретін,-деді.
                 Жүрегімде  бір  тыныштық  орнағандай  болды.
            Күлдім де қойдым. Содан әже екеуіміз қоштасып, екі
            жаққа тарастық. Құдды талай жылғы сұрағының жау-
            абын алсыншы деп тәңірім әдейі жолықтырғандай күй
            кештім. Ал енді, жалпы Құрмет атаның ерлігіне кел-
            сек...
                 Құрмет  ата  ұлы  қолбасшы  И.В.Сталиннен  7  рет
            мақтау қағазын алған, Ұлы Отан соғысының ардагері,
            ерлігімен  елге  белгілі  азамат.  Есімін  «Құрмет»  деп
            Жыржыс қажының өзі қойған. Содан да болар, еліне
            құрметті азамат болуы.
                 Иә, соғыс туралы әлі талай нәрсе айтылған жоқ,
            расында. Құрмет атадан қашудың орнына, тізесіне оты-
            рып аталап, бейнеттің таптарындай болған әжімдеріне
            қарап,  елінің  елеулі  сәтінде  батырлық  танытқаны
            үшін алғыс айтуым керек еді ғой немесе соғыс туралы
            ерліктерін  естіп  алып,  қазіргі  ұрпаққа  насихаттауым
            керек пе еді. Ал, менің жадымда тек естелік.
                 Бір кем дүние...

                                                    Айгерім ҚАСЫМ

                   «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біз қандай
                темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере аламыз,
              біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол
                                    – Отанға  деген сүйіспеншілік»


                                                          Б.Момышұлы

                 Содан бері 75 жыл өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған
            жоқ.

                                          96
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102