Page 101 - Сборник эссе
P. 101

ауылының ондаған үйін су басқан. Сол қаралы түнде
            Ноғаев Тиышбай және кенже қызы Шолпан екеуі дәл
            сол қара тізімге ілікті.
                 Қазіргі таңда Қарқаралы ауданы Бесоба ауылының
            Қызылту отделениясында Ноғаев Тиышбай атамыздың
            қара шаңырағына үлкен ұлы Ноғаев Аманжол ие болып
            отыр.  Соғыстағы  ерлігі  үшін  берілген  мадақтаулары
            мен медальдары қызы Сараның қолында.
                 «Жеңіс  –  оңайлықпен  келген  жоқ»  Ұлы  Отан
            соғысында ерлік көрсеткен ерлер мәңгі есімізде, оларға
            қамқорлық жасау - бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті пары-
            зымыз. Ардагерлер сыйлаған жарқын болашағымызды,
            Отанымызды сүйіп, бағалауымыз керек.
                 Биыл  елімізде  үлкен  той  Ұлы  Отан  соғысының
            75  жылдық  мерей  тойын  атап  өтпекпіз.  75  жылдық
            Ұлы Жеңіс тойын талай ерлік көрсеткен ардагерлер,
            қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған тыл ардагерлері,
            Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күнін
            елі мен жері үшін жанын қиған, туысқандарына, туған
            жеріне,  оралмай  қалған    ерлерді  бүкіл  халық  еске
            алады,  ардагерлердің,  Қаһарман  ерлердің  бастарына
            гүл шоқтарын қойып, тағзым етеді. Жұртымыз «Елдік
            пен ерліктің өшпес рухы» деп Исатай мен Махамбетті
            жырласа, мен үшін  нағашы атам да дәл солай «Ерлік
            пен елдіктің өшпес рухы».

                                                 Тұрбек ҚИЫНБЕК



                 Жер бетіндегі барша адам баласын қатты алаңдатып,
            өткен ғасырдың ең қайғылы оқиғасы ретінде тарихқа
            кірген  Ұлы  Отан    соғысының  аяқталғанына  биыл  75
            жыл толып отыр.
                 Соғыс  –  күйретуші  күш!  Дәл  солай!  Барды  жоқ
            ететін,  тауды  жер  ететін.  Жер  бетіндегі  тіршілік
            атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Ұлы Отан
            соғысы. Бұл сол кездегі кеңес халқының ер жүректілігі

                                          100
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106